Алматы облысы ҚАЖД қарасты ЛА-155/16 мекемесінің жеке құрамы 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесін салтанатты түрде атап өтті.
Аталған іс-шара саптық байқаумен басталып, ән-ұран шырқалып, концерттік бағдарламамен ұласты. Мекеме бастығының бұйрығымен өзінің қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін бірқатар қызметкерлер марапатталды. Мекеменің әйелдер құрамы ер азаматтарды мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, сыйлықтарын ұсынды.
Алматы облысы бойынша ҚАЖД.