Жаңа жыл мерекесі қарсаңында және оны өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың желтоқсан айында Жетісай ауданы полиция бөлімінің ұйымдастыруымен рейдтік шаралар өткізілуде.
Шара барысында полицейлер Жетісай қаласындағы Күлпаршын, Үмбетаев базарларында өрт қауіпсіздігі мен пиротехникалық бұйымдарды сақтаумен және таратумен айналысатын (дүкендер, ашық алаңдағы сауда орталықтарын) тексерді.
Нәтижесінде базардағы дүкендердің бірінен сатушының заңсыз пиротехника өнімдерін сатып жатқаны анықталып әкімшілік шара көрілді.
Сонымен қатар қала ішіндегі ойын-сауық орталықтарына да тексеру жұмыстары жүргізіліп, ҚР заңнамасымен тыйым салынған темекі бұйымын тұтынған азаматтар анықталып, оларға да шара көрілді.