Мерейлі мереке құтты болсын!

Тәуелсіздік — бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманының жемісі.  Азат еліміздің әрбір құндылығын, оның ішінде рәміздерді айрықша қадірлеп-қастерлеу, бойтұмардай қасиет тұту біздің азаматтық парызымыз. 

Азаттықтың арқасында діліміз бен тіліміз, барша құндылығымыз қайта оралды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек қана сот жүзеге асыратыны, судьяның сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз екені және оның Конституция мен заңға ғана бағынатыны Ата Заңмен айқындалды.

Ту мен Әнұран, Елтаңба – қасиетті жеріміздің жаңа тарихынан сыр шертеді. 

Республикамызды дүние жүзі Туымыз бен Елтаңбамызға, Әнұранымызға қарап таниды. Әлемдік додаларда көк Туымыз көкке көтеріліп, жүрек тербетер Әнұранымыз әуелеп шырқалуы жүрегімізге мақтаныш сезімін ұялатады. 

Мемлекеттік нышандарымыздың қабылданғанына биыл 33 жыл толса, 4-маусым — 27 жылдан бері Республиканың мемлекеттік рәміздер күні болып тойлануда. Сондықтан, осынау қасиетті күнді қазақстандықтар үшін баға жетпес күн, яғни, ерекше мереке деуге толық негіз бар.

Рәміздер мерекесі жас ұрпақ бойында елжандылық, патриоттық сезімдердіқалыптастыруымен маңызды. 

Конституция мен рәміздер — халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігінің шынайы көрінісі. Осы себепті, Ата Заңды жете біліп, оның талаптары мен қағидаларын мүлтіксіз сақтауға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге үндеу біздің міндетіміз.

Қазақстанның барша халқын, оның ішінде әріптестерімді Республикамыздың мемлекеттік рәміздері мерекесімен Ақтау қалалық сотының атынан құттықтаймын! 

Егемен еліміздің алтын діңгегі — рәміздеріміздің мәртебесі биіктеп, тәуелсіздігіміз нығаяберсін! Мерейлі мерекеде елімізге тыныштық, жұртымызға амандық, береке-бірлік  тілеймін!

Айнұр Қызылбаева,

Ақтау қалалық соты төрағасының

міндетін атқарушы

OTBASY FEST — ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ДӘРІПТЕГЕН МЕРЕКЕ

Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Триатлон саябағында отбасы...

Курс молодого бойца

С 31 АВГУСТА ПО 20 СЕНТЯБРЯ 370 КУРСАНТОВ, ПОСТУПИВШИХ...

Алматы мен Астана Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшылықты сақтап қалуға дайын

Алматы ұзақ уақыт бойы Қазақстанның саяси және коммерциялық функцияларын...

Алматы и Астана сохранят экономическое лидерство в Центральной Азии

Алматы долгое время объединял политические и коммерческие функции Казахстана...

АСЫЛХАННЫҢ АСУЛАРЫ

«Биссмила» деп бастадым сөздің басын,Мұсылманның ұрпағы біз болғасын.«Дін –ұлттың...