12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

МЕРЕЙІМІЗДІ АСҚАҚТАТҚАН АТА ЗАҢ

Кең көлемде ұлықталып, дәріптелуі тиіс бір заң болса ол – ҚР Конс титуциясы. Тәуелсіздікпен қатар жасасып келе жатқан Ата Заң күллі қазақ халқының бостандықтары мен құқықтарына кепіл болды, әділетті мемлекеттің үстемдік құруына ықпал етті. Заңдардың айбынды атасына айналды. Барлық Қазақстан халқы ата-бабадан мирас болған ұлы қазақ даласын мекен етіп, өзін еркіндікте, теңдік пен татулықта дамыта отырып, осы құжатқа арқа сүйейді.

Әр қазақ үшін қастерлі кітаппен пара-пар бұл құжат демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекеттің негізін бекітті. Өзінің ең қымбат қазынасы есебінде адам өмірін алға шығарды. Оның құқықтары мен бостандықтарын заңмен бекітті. Тегін, сапалы білім, медицина тағы басқа да игілікті істерге кепіл болды. 1995 жылы жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданған Қазақстанның Конституциясы елді қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылыққа, экономикалық даму мен қазақстандық патриотизмге үндеді. Мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық деді. Билікті ешкім де иемденіп кете алмайтынын, ондай әрекет заңмен қудаланатынын, халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге ҚР Президентінің, конституциялық өкілеттігі бар Парламенттің құқығы бар екені осы құжат негізінде бекіді. Міне, өзінің отыз жылдың тарихында бұл құжат заман талабымен бірге түледі, түрленді, бүгінгі қоғам мен қажеттіліктерге сай өзгертулер мен толықтыруларға ұшырады. Әйтсе де, өзінің салмағы мен беделіне нұқсан келтірген жоқ. Азаматтардың құқықтарына бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді де, халықаралық шарттар мен әлемдік стандарттарды, адам игілігіне қатысты барлық нормаларды өзінің жекелеген тарауларына өзек етті. ҚР кез келген заңы осы Ата Заңнан бастау алады. Тартысты тұстар мен бұзылған құқықтардың даулы тұстарында осы заңнан әділет табады. Ата Заң осы елді мекен еткен әрбір азаматтың мақтанышы, айбыны. Жырақта жүрсе пәрменіне иланады, қасында жүрсе әділетіне сүйсінеді, арқа тұтады, қадірлейді. Себебі ҚР Конституциясының тоғыз тарау, тоқсан тоғыз бабы ел мүддесіне, әр азаматының құқықтары мен бостандығына, білім мен медицинасына, әлеуметі мен әлеуетіне қызмет етіп келеді. Осы ретте, мектеп қабырғасынан әрбір балаға Ата Заңның әрбір тарауын оқыту ләзім. Әділет принциптеріне негізделген бұл заң балаларды мектеп қабырғасында жүріп-ақ, біреудің ала жібін аттамауға, өтірік айтып, қылмысқа ұрынбауға үндейді. Әрбір қателікке жаза бар екенін түсіндіреді. Тәуелсіз елі, құқығы мен бостандығын қорғайтын Конституциясы бар ел бақытты.

Ж.ҚҰДАЙБЕРГЕН

Бала тәрбиесі баршаға ортақ

Бала тәрбиесі – бұл тек ата-ананың ғана емес, бүкіл...

Президент направил поздравление по случаю открытия памятника Нургисе Тлендиеву

В честь 100-летия со дня рождения Народного героя, выдающегося...

Мемлекет басшысы Нұрғиса Тілендиев ескерткішінің ашылуына орай құттықтау жолдады

Халық қаһарманы, көрнекті мәдениет және өнер қайраткері, біртуар композитор...

От «tiktok» до альцгеймера: правда и вымыслы о клиповом мышлении 

ПОДРОСТОК, ДА И НЕ ТОЛЬКО, В ТЕЛЕФОНЕ ПРОВОДИТ ПОЛЖИЗНИ:...

Вместе за безопасность

Безопасность – это не просто отсутствие преступности, это состояние...