12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Меншік құқығын қорғаудың маңызы зор

Түркістан облысының Әділет департаменті  «Әділет органдары туралы» ҚР Заңының 3 бабы 7-тармағына сәйкес, зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады. Сонымен қатар, жоғарыда аталған заңның 22-бабының 1-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың зияткерлік меншік құқығы саласындағы заңнама талаптарын сақтауын, Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, мемлекеттік бақылауды тексеру нысанында жүзеге асырады. Мәселен, департамент тауар таңбалары иелерінің немесе сенімхат негізіндегі өкілдерінің арыз-шағымы негізінде құқық бұзушыларға әкімшілік хаттама толтыруға құқылы.

Департамент тауар белгілері иелерінің немесе сенімхат негізіндегі өкілдерінің арыз-шағымы негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізеді. Тексеру барысында, арыз иесінің құқықтары бұзылғандығы анықталған жағдайда, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 158 бабына сәйкес, яғни «бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жерлердің атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану» бойынша әкімшілік хаттама толтыруға құқылы. Аталған баптың талабына  сәйкес, тауарлар тәркіленіп, жеке тұлғаларға – 20, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 30, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 80 АЕК мөлшерінде айыппұл салына отырып, тәркіленген заттар жойылуға жатады.

2023 жылдың 12 айында Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, географиялық нұсқамалар және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының талаптарын бұзу фактілеріне қатысты 15 арыз түсті, оның ішінде 8 арыз заңнамаға сәйкес тексеру мүмкіндігі жоқ болуына байланысты кері қайтарылды және тоқтатылды, 7 арыз бойынша жеке кәсіпкерлерге жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 6 құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158 бабымен әкімшілік іс қозғалды, ал 1 арыз бойынша құқық бұзушылық анықталмады. Сот қаулысына сәйкес жалпы 3 514 470 теңгенің 934 дана өнімі заңсыз айналымнан алынып, мемлекет пайдасына тәркіленді және құқық бұзушыларға 434700 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен бөлек мынадай жолдары бар:

  • Азаматтық-құқықтық қорғау. ҚР Азаматтық кодексінің 9 бабы, 970 бабы және 1032 бабы тәртібінде сотқа талап арыз беру арқылы;
  • Қылмыстық-құқықтық қорғау. ҚР Қылмыстық кодексінің 222 бабы шеңберінде (егер залал мөлшері 2000 АЕК-тен асатын болса) Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүгіну арқылы;
  • Сотқа дейінгі реттеу. Кейбір жағдайларда тауар белгісіне құқықтарды бұзу жөніндегі дау бейбіт жолмен (сот талқылауына жеткізбей) құқық бұзушыға шағым хаттарын жіберу және одан әрі келіссөздер арқылы шешілуі мүмкін.

Департамент тексеру шараларын жүргізумен қатар, зияткерлік меншік саласындағы заңнама нормаларын түсіндіру арқылы азаматтармен және кәсіпкерлік субъектілерімен тиісті құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Зияткерлік меншік саласы бойынша азаматтардың хабардарлығын арттыру мақсатында Түркістан облысының Әділет департаментімен бірқатар іс-шаралар атқарылып тұрады. Мәселен, «Әділет кеңес береді» акциясы аясында шағын және орта бизнес субъектілеріне зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында заңдылықтың жаңалықтары түсіндіріледі және Департаменттің интернет ресурсы, әлеуметтік желісі арқылы азаматтарға құқықтық кеңес беріліп тұрады. 2023 жылдың 12 айында Департаментпен 10 семинар, 14 дөңгелек үстел, 27 мақала, телеарна және радиода 6 сұхбат, 104 дәріс, кездесу және түсіндірме жұмыстары жүргізілді, 127 ақпарат Департаменттің интернет ресурсына жарияланған.

Өркен Жолдыбаев,

Түркістан облысы

Әділет департаментінің

зияткерлік меншік құқығы

бөлімінің басшысы

Жеке бас бостандығы Конституциямен қорғалған

Адамның жеке басының бостандығы мен ажырағыссыз құқықтары Конституциямен қорғалған,...

Определение места жительства ребёнка в Республике Казахстан

В Республике Казахстан вопрос о месте жительства ребёнка регулируется...

В Алматы состоится открытая встреча для фрирайдеров

24 декабря 2025 года в гостинице Novotel в Алматы...

«Көшкін қаупі бар кезеңдегі таудағы қауіпсіздік» атты кездесу өтеді

2025 жылғы 24 желтоқсанда Алматыдағы Novotel қонақүйінде фрирайдерлерге, тау...