12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Меншік құқығы Конституциямен қорғалған

Қазақстан азаматтарының меншік құқығы, оның ішінде мұрагерлік құқық Конституциямен қорғалған, соттың шешімінсіз ешкімді де мүлкінен айыруға болмайды. Мүлікке қатысты бұзылған құқықты қалпына келтіруді талап ету тәртібі азаматтық заңнамалармен айқындалған. Алдымен меншік құқығын түсіндіріп өтсек, Азаматтық кодекстің 188-бабымен нақтыланғандай, меншiк құқығы — субъектiнiң заң құжаттары  арқылы танылып, қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк етуі. Осыған орай, меншiк иесi өз мүлкіне қатысты кез келген әрекетті жасай алады. Бұған қоса ол мүлкін басқа адамдарға берiп, оны иелiгiнен шығаруға, сондай-ақ, сот арқылы қорғауға құқылы.  

Соттарда жылжымайтын мүлікпен байланысты даулар, мысалы, пәтерге немесе тұрғын үйге меншік құқығын тану, мүлікті басқа адамнан қайтару, ерлі-зайыптылар арасында ортақ мүлікті бөлу, т.б. арыз-шағымдар аз емес. Соттар тұрғын үйді иелену, оны пайдалану, оған  билік ету, т.б осы секілді дауларды Конституция мен Азаматтық, Азаматтық процестік кодекстердің, Тұрғын үй қатынастары туралы заңның, өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын басшылыққа алады.  

Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы туралы талап қоюлар олардың орналасқан жеріндегі сотқа беріледі. Осы мәселеде айтып өтерлігі, Азаматтық процестік кодекстің 31-бабымен айқындалғандай, соттарда қаралатын жылжымайтын мүлікке байланысты дауларда айрықша соттылық қағидалары ескеріледі. Талап қоюда соттылық қағидаларының сақталмауы, оның кері қайтарылуына негіз болады.

 Тараптардан тұрғынжайға меншiк құқығын және меншік иелерінің үлес мөлшерiн растайтын, сондай-ақ, тұрғын үй, жер телімінің жоспары, iс үшiн маңызы бар басқа да құжаттар талап етіледі. Сот істерін қарауда даудың  орын алуына азаматтардың өздері де себеп болып жатады. Мысалы, талап қоюшы мен жауапкер арасында жасалатын қарыз алу шартында талаптар толық көрсетілмейді.  Сонымен қатар, қарыз алу шартын қамтамасыз етуде кепіл шарты  жасалмай қалады, мұндай жағдай қолданыстағы азаматтық құқыққа қайшы келеді.

Егер өзгенің заңсыз иеленуінен талап етіп алу туралы талап қоюда тұрғын үйдің үшінші адамның иелігінде екені анықталған жағдайда талап қоюшының келісімімен сотта ол тең жауапкер ретінде тартылады. Меншік құқығын мәжбүрлеп тоқтату заңмен белгіленген тәртіппен ғана жүзеге асырылады.

Елімізде мемлекеттік меншік пен жеке меншік бірдей қорғалады. Сондықтан, өзінің меншік құқығы бұзылмауын қалайтын әрбір адам басқаның меншік құқығына нұқсан келтірмеуі керек. Кез келген даулы мәселені заң шеңберінде қарап, әділ шешу соттардың басты міндеті.

Қарлығаш Сарсенова,

Алматы қаласы

Алмалы ауданының №2 Алмалы аудандық сотының судьясы

Енлик — первая артистка из Казахстана

Если Енлик действительно стала первой артисткой из Казахстана, которую...

Қазақстанның 2025 жылғы ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрады

Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың...

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан қаласында өткен «Қысқы кубок» халықаралық футбол турнирі аясында...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ТІРЕГІ

Қазақстан қоғамының бүгінгі даму бағыты – жас буынның әлеуетін...

В учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай прошёл конкурс снежных фигур среди осуждённых

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...