Менің әкем Рахат Әлиевтің әкесін аш кезінде тамақтандырған — Уәлибек Әбдірайымов

«Шаншар» театрының басшысы, актер Уәлибек Әбдірайымов әкесінің Мұхтар Әлиевпен жақсы дос болғанын айтты. Екі әке бірге оқып, кейін мәңгілік достарға айналған. Актер Мұхтар Әлиев жақсылықты ұмытпайтын азамат деп мақтады.

Бұл туралы «Қасқа жол» бағдарламасында айтылды, деп жазады stan.kz.

Уәлибек Әбдірайымовтың әкесі Рахат Әлиевтің әкесі Мұхтар Әлиевпен өмірінің соңына дейін дос болған. Бірге оқып, бірге жүрген. Алайда артына қалған балаларымен өздері еш араласпаған екен. Екі әке қайтыс болған соң балалары байланысқан жоқ дейді ол.

«Мұхтар Әлиев пен менің әкем Түркістанда бірге оқыпты. Ол кезде мұғалімдік курстар болған. Екеуі сонда оқыған. Бір күні әкем ауыл жақын болған соң ауылға келеді. Сонда Мұхтар Әлиевті алып келеді. Үйге келген соң тамақ береді. Сонда бастапқыда ол кісі тамақ ішпей ұялған екен. Кейін терлеп тұрып жеп алады.

 

Сонда 4 күн тамақ ішпепті. Жетім өскен ғой. Кейіннен әкеме осы жақсылығыңды ұмытпаймын деп риза болады. Ол кісі жақсылықты ұмытпайтын адам. Әкем екеуі дос болды. Бірақ менің әкем өмір бойы мұғалім болды. Мұхтар аға медицина саласына кетті. Сол жолды қуып, мықты дәрігер болды. Ол кісі менің әкемнен бұрын өмірден өтті-ау деймін. Содан кейін араластығы болған жоқ. Үлкендер кеткен соң бала-шағасы араласқан емес. Тіпті, бала-шағасын танымаймыз да. Біз ауылда болдық. Ол кісілер қалада болды», — деді Уәлибек мырза.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...