12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мені «әке» деп атайды: Марат Омаровтың ұлы кішкентай Көзайыммен кездесті

Марат Омаровтың «некесіз немересі» атты тақырып отандық ток-шоулардың бірінде қызу талқыланған еді. Танымал сазгердің ұлынан сәбилі болған Кәмшат есімді арудың тағдыры ұзақ уақыт елдің аузында жүрді. Десек те, уақыт емші! Аталған бағдарламадан кейін Азамат Омаров қызы Көзайыммен үш рет кездескенін және қазіргі қарым-қатынасы жайлы Stan.kz тілшісіне ашып айтты.   

«Қазір Көзайым сөйлеп келе жатыр, жүріп жүр. Мені «әке» деп айтады. Кәдімгідей әңгімесін айтып, өнерге жақындығы байқалады. Біздің әулеттен шыққаны көрініп тұр. Көзінде өнерге деген құштарлық бар. Әкем де ( -ред Марат Омаров) хабарласып тұрады. Көзайымның жағдайын біліп, сұрап тұрады. Көзайымның болашағынан үлкен үміт күтемін. Кішкентайынан Қазақстанды шулатып шыққан қыз болды. (күледі) Өзінің маңдайына жазған өмірі шығар. Бірақ өнерге жақындығы, Омаровтардың қаны бар екендігі мені қуантады. Алдағы уақытта әр қадамына қолдау көрсетемін», — дейді Марат Омаровтың ұлы.

Азамат алғашқы отбасындағы балаларымен Көзайымды таныстырған. Кіші Омаров қазіргі таңда өзінен жүкті болған Кәмшаттың кәсібіне қолдау көрсетуді көздеп жүргенін айтады.

«Қазір Кәмшатпен қазіргі қарым-қатынасым жақсы, араласып тұрамыз. Қазір ол өзі іс бастайын деп жатыр. Тігін цехын ашуды қолға алмақшы. Соны ақылдасып жатырмыз. Қалай бастайтынын. Өйткені, ортада кішкентай қыз өсіп келе жатыр. Соны ары қарай өсіру керек дегендей. Сондықтан ол жағын дұрыс шешіп келе жатырмыз», — дейді Азамат.

Бүгінде Азаматтың танымалдылығы артқан. Тіпті композитордың ұлы көшеде емін-еркін жүруден қалған көрінеді.

«Мені танитын адамдар екіге бөлінеді. Біріншісі – мынау «оңбаған бала» деп қолын шошайтады, екінші тарап – «әрбір еркектің басында болып жататын жағдай» — деп өздерінің көзқарасын білдіретіндер. Көшеде суретке түсетіндер де бар. Қазір танымал екенімді сезім жүрмін. Бұрын инстаграмда да белсенді емес едім, мыңғы жуық қана оқырмандарым бар болатын. Қазір 15 мыңнан асты. Басында жағымсыз пікірлер өте көп болды. Қазір сол оқиға қайтып оралмай-ақ қояйық. Бірақ мен шындықты айттым. Ол қызбен бір рет болдық, оның алдында екі-үш рет көрістім. Десек те, еркек болған соң бастан өтті! Менің істеген істерім өзіме емес, әкем мен анама, әпкеме тиді. Сол жағы маған ауырлау болды» — дейді кіші Омаров.

Айта кетейік, 35 жастағы Азамат Омаров алғашқы әйелімен де заңды түрде ажырасқан. Олардың ортақ некесінде Жантуар атты ұлы мен Жанель есімді қызы бар.

Курултай, экология и инвестиции в туризм: в Усть-Каменогорске обсудили проект Новой Конституции с представителями отрасли

В Усть-Каменогорске на площадке Восточно-Казахстанского технического университета имени Д....

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Ахмет...

Земля, предсказуемые правила и умное сельское хозяйство: в ВКО обсудили, что даст бизнесу Новая Конституция

В Усть-Каменогорске, на площадке Центрального Дома культуры, состоялась встреча...

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУДЫҢ РУХАНИ БЕЛЕСІ

Наурыз – адамзат өркениетінің терең тамырынан нәр алған, табиғат...

Жалпыұлттық коалиция өкілдері астаналық дәрігерлерге Конституциялық реформа жобасын түсіндірді

Бүгін «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық...