Менде де күніне бірнеше рет жарық өшеді — әкім Досаев

Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданында электр қуатының жиі өшетініне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сұрақ-жауап барысында «Достық» ықшамауданындағы үйлердің бірінің тұрғыны жарық қайта-қайта сөнетініне шағымданды. Әйелдің айтуынша, кейінгі бір айда күн сайын бір уақытта электр жарығы өшіп қалады. Бұған жауап ретінде әкім Досаев өзі де осындай мәселеге тап болғанын атап өтті.

«Менде де өшеді. Мен пәтерде тұрамын, күніне бірнеше рет жарықты үзіп тастайды. Айтайын дегенім: «Алатау Жарық Компаниясы» мәселесі — желілердің жағдайы. Мұны анық білемін.

Қазір АЖК инвестициялық жоспарларын дайындап жатыр. 2023 жылға «Достық» шағынауданындағы тозығы жеткен желілерді ауыстыруға тырысамыз. Барша қала тұрғындарына үндеу жасағым келеді. Қаламыз бойынша орта есеппен желілердің тозуы — 60 пайыз», — деді мегаполис басшысы.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...