12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Мен жастарға сенемін!» республикалық студенттер байқауы бастау алды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен өтетін республикалық байқау сегіз жылдан бері бүкіл елді қамтитын елеулі алаңға айналды. Байқау жастардың патриотиоттық сезімін биікке көтеріп, азаматтық жауапкершілігін арттырып, интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған.

Байқау бағдарламасын дәстүрлі түрде үздік студенттік инновациялық жобалар номинациялары, «Еліміздің инновациялық дамуына қосқан менің нақты үлесім» тақырыбындағы стартап, «Кайырымды қоғам» әлеуметтік жобасы, сонымен қатар «Мен өз елімнің өркендеуі үшін не істей аламын?» атты үздік эссе, патриоттық тақырыптағы поэзиялық шығармалар мен әндер байқаулары қамтиды.

Алғашқы іріктеу кезеңі осы жылы сәуірдің 10 мен 30 аралығында қашықтық режимде өтеді. Онлайн тіркелуден кейін қатысушылар видеороликтері мен өз жұмыстарын электронды түрде ұйымдастыру комитетіне жолдаулары қажет. Байқауға қатысу – студенттерге өздерін көрсете білуге, әлеуметтік-маңызды бастамалары мен шығармашылық жобаларымен бөлісуге таптырмас мүмкіндік. Қашықтық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша финалға жеткен қатысушылар анықталады. Финалға өткендердің видеороликтері мен шығармашылық туындыларын әлеуметтік желілерге жариялау жоспарлануда, сол жерде әркім өзіне ұнаған жұмысқа дауыс бере алады.

Проректор Шолпан Жаманбалаева айтқандай, ұйымдастыру комитетіне жыл сайын еліміздің әр өңіріндегі студенттерден 2 мыңнан аса өтінім келіп түседі. Байқау финалы 2020 жылдың қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да VIII «Мен жастарға сенемін!» форумы аясында өтеді. Қатысушылар өз жобаларын тақырыптық секциялар отырысында таныстырып, қорғай алады.

Байқау қатысушыларының жұмыстарын объективті бағалауды тәуелсіз қазылар алқасы қамтамасыз етеді. Оның құрамына беделді мамандар – қоғам, ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлері, бизнес, мемлекеттік құрылымдар және БАҚ өкілдері кіреді. Құзыретті қазылар алқасы үздік жұмыстарды әр кезеңде – қашықтан іріктеу кезеңінен бастап Алматыдағы финалдық байқауға дейін анықтайды.

Жеңімпаздар құнды сыйлықтар және дипломдармен марапатталады. Үздіктің ең үздігі бас жүлде – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бір жыл тегін оқу грантына ие болады. Онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша көрермендер көзайымы сыйлығы да беріледі.

Байқауға қатысуға өтінім беру, іріктеу кезеңінің барысын қадағалау, сонымен қатар онлайн дауыс беруге қатысу www.kaznu.kz сайтында тіркелу арқылы жүзеге асады.

Символ мудрости и трансформации

Символом наступающего нового 2025 года станет Зеленая Деревянная Змея....

Штраф либо лишение свободы

Вопросы борьбы с коррупцией всегда находятся орбите особого внимания...

Технологии будущего – в повседневную жизнь

На заседании Правительства под председательством Премьер министра РК Олжаса Бектенова...

Итоги года и новые горизонты

2024 год в Казахстане стал годом динамичных преобразований, когда...

Сеть опорных школ «Отпан»

В целях повышения качеста среднего образования Правительстом реализуется проект...