12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мен тоқал алу дегенді түсінбеймін — Қанат Әлжаппаров

Қанат Әлжаппаров әзіл айтамын деп той қонақтарынан сөз естіп қалған сәтін айтты. Одан бөлек отбасы мен ерлі-зайыптылар арасындағы мәселе жайлы сөз етті.

Қанат Әлжаппаров әйеліне сұхбат берді. Мәміле бағдарламасында жарының сұрақтарына жауап берді, деп жазады stan.kz.

Қанат Әлжаппаров тоқал алуға қарсы. Тіпті әйелінің қарсылығы болмаса да тоқал алуға деген ниеті жоқ. Ал әйелінің ешбір дене мүшесін пластикалық ота арқылы жасатуды қаламайды. Өзі көп баланың әкесі болғанды қалайды.

«Мен бала күнімнен әртіс болуды армандадым. Жолым болып, осы жолда жүргендіктен, шаршадым деп айтқым келмейді. Шаршасаң да артық айтқым келмейді. Себебі, өзім осы жолға ұзақ уақытта, әрең жеттім. Сондықтан маған өнер адамы болған ұнайды. Егер әртіс болмасам, өзімнің мамандығым бойынша теміржолшы болармын деп ойлаймын. Себебі, мен дәрігер бола алмаймын, мұғалім бола алмаймын. Менен не әртіс не қара жұмысшы ғана шығады», — деді Әлжаппаров.

 

Қанат Әлжаппаров тоқал алуға қарсы екенін айтты.

«Мен тоқал алу дегенді түсінбеймін. Екі әйелден туған балаларым жалтақ болып өседі деп ойламаймын. Жай ғана қаламаймын. Тоқал алу дегенді түсінбеймін де. Егер әйелімнің денсаулығы жарап тұрса, көп балалы болғанды қалаймын. Он балаға дейін болса бола берсін. Бірақ тоқал алу туралы ойлаған емеспін», — деді Қанат.

Әлжаппаров ұл-қызы қандай мамандықты таңдаса да, қарсылық танытпайтынын айтады.

«Маған балалардың таңдауы маңызды. Егер аспаз болғысы келсе, бола берсін. Әртістің баласы әртіс болу керек деген қағида жоқ. Ұлымның визажист болғанын қаламайтын едім. Ондай мамандықтарды таңдамайды деп ойлаймын. Алайда қызым өрт сөндіруші болам десе, қарсы болмаймын», — дейді актер.

Әлжаппаров әртістік өнерден бөлек асабалықпен айналысатыны белгілі. Әртіс кей кезде артық әзілдеймін деп сөз естіп қалатын жағдайдар болатынын жасырмайды.

«Бір күні өрт сөндірушілердің тойын басқардым. Өрт сөндіру қызметінің басшының орынбасары қап-қара кісі екен. Сол кісіге «сіздің өзіңізді өрттен әрең құтқарып қалған сияқты ғой» деп әзілдеп қалдым. Сол жерде оңбай сөз естідім. Содан кейін біреудің жеке басына қатысты әзіл айтпайтын болдым», — деді актер.

Әрбір күніміз алғысқа толы болсын!

Қазақстандықтар үшін көктемнің алғашқы күні – 1-наурыздың орны бөлек....

Халықтың көңілінен шыққан заңдар өміршең

Халықтың қажетіне жараған, азаматтардың көңілінен шыққан заңдардың қолданысы кең....

Судьялар одағы сот жұмысына серпін берді

Биыл Қазақстан Республикасы Судьялар одағы қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 30...

Профилактика коррупции является одним из основных приоритетов государственной политики

Как известно, Глава государства Касым-Жомарт Токаев на совещании по...

Мемлекеттік тілді құрметтеу парыз

Мемлекеттік тіл – елдің егемендігі мен бірлігінің басты тірегі....