spot_img
spot_img

Мен мемлекеттік қызметшімін

Кей адамдар отбасы дәстүрін сақтау үшін ата-бабасынан үзілмей келе жатқан саланы таңдайды. Ал кейбіреулер жүрегі қалаған қызмет жолында аянбай еңбек етеді. Мен үшін мамандық таңдау жауапты қадам болды. Қызығушылығы мен қабілетіне сай, бейімділігін ескере отырып, ары қарай дамуына оң әсер ететін кәсіп түрін таңдаған жанның табысты болатыны анық. Себебі, мамандығын жақсы көретін жан «тар жол,тайғақ кешуде» еш берілмейді. Жұмысына асқан жауапкершілікпен қарайды.

Мемлекеттік қызметші болу – бұл үлкен абырой мен міндет. Осы орайда, мемлекеттік қызметкер қандай болу керек деген сұрақтың қойылуы орынды. Ол билік пен халық арасын байланыстырушы буын. Сондықтан да көп нәрсе оның кәсіби біліктілігіне, жедел түрде ой қорытып, қандай да бір мәселені шешу жауапкершілігін өз мойнына ала білу дағдысын игергендігіне байланысты. Кез келген деңгейдегі мамлекеттік қызметші лауазымы басқа мамандық тұрғысымен салыстырғанда мейлінше жоғары. Бұл өзін-өзі жетілдірудің тұрақты жағдайы.

Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға айрықша назар аударылып, көңіл бөлінуде. Бұл жағдайда мемлекеттік қызмет жүйесінің дамуы саяси жүйенің, экономиканың, қоғамдық қарым-қатынастардың қалыптасуымен, мемлекеттік басқару жүйесінің оңтайландырылуымен  тығыз байланысты.

Мен Тараз қаласы мамандандырылған ауданаралық Тергеу Сотында сот отырысының хатшысы лауазымында қызмет атқарамын. Халықтың сотқа деген сенімін арттыру, жұмысымның сапалы болуы үшін жалпыға ортақ  қағидаттарға және әдеп кодексіне аса мән беремін. Менің қызметімде заңдылық, патриотизм, мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармағына бөлінуіне қарамастан мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы, мемлекет мүдделерінің алдында азаматтардың құқығы, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы, жұртшылыққа бірдейлігі  мен үшін өте маңызды. Сот жүйесінде қызмет атқаратын маман үшін әділдік, қарапайымдылық, адалдық және парасаттылық, жоғары моральдік жауапкершілік, кәсіби білімнің болуы  маңызды. Өйткені, заң мен соттан әділдік, қолдау іздеп келген әр адамның мәселесін шешуде дәл осы қабілеттер көмекке келеді. Әрбір істің артында адам тағдыры тұрғанын ойлаудың өзі үлкен жауапкершілік жүктейді.

Мемлекеттік қызметкер болу – зор құрмет, ол халық пен мемлекет арасындағы алтын көпір қызметін атқарып тұрғандай. Ал бұл өте жауапты, қиындығы мен қызығы қатар жүретін қызмет екені айтпаса да анық!

 Тараз қаласының мамандандырылған Тергеу сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Р.Н.Манапов

Отанды сүю тілге деген құрметтен басталады

Халқымыздың ұлтжанды азаматы Халел Досмұхамедұлы "Өз тілін білмейтұрып, жат...

Сауаттылық сергелдеңнен құтқарады

Кез келген даудың түйіні сотқа келіп тарқатылады. Сондықтан Ата...

Еңбек дауының алдын алу маңызды

Еңбектің барлық кезде дұрыс бағалана бермейтінін сот тәжірибесі көрсетіп...

Судьялар съезі – жаңа бастамалар мінбері

Судьялар одағы – қазақстандық қазылардың басын біріктіріп, бір мақсатқа...

Сот алдында бәрі тең

Азаматтық процесс барысында таразы басының тең ұсталып, екі тарапқа...