Мен кешірім күтпеймін — Бишімбаев

Сотта экс-министр Қуандық Бишімбаев куәлік беріп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотталушы Қуандық Бишімбаев кешірім сұрап, кешірім күтпегенін айтты. Сондай-ақ, ол Салтанатты қасақана өлтірді деген айыптауға қатысты кінәсін мойындамайтынын қайталады.

«Шындығында, маған бірдеңе деу өте қиын. Біріншіден, түсініп, ешқандай кешірімге үміттенбестен, бұл менің адамдық парызым… Мұнда жәбірленушілер, оның туыстары, оны жақсы көргендердің барлығы, оның ата-анасы отыр. Шынымды айтсам, оның өлімі ауыр тиді. Мен кешірім сұрағым келеді. Мен кешірім күтпеймін. Бірақ бұл менің ішкі парызым, жанымның қалауы. Мен бұл орны толмас қайғы екенін түсінемін және осы жағдайларға өзімнің қатысым бар екенін білемін. Бұл бірінші. Екіншіден, өзімнің кінәсіз екенімді және өз кінәмді мойындамайтынымды айта отырып, әйелім Салтанатты қасақана, саналы түрде, жоспарлы түрде аса қатыгездікпен өлтіруге кінәлі емес екенімді түсіндіргім келеді», — деді Бишімбаев.

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысының бүгінгі отырысында прокурор әлеуметтік желіде сотқа қатысты жарияланымдарды шектеуді талап етті.

Сонымен қатар, Бишімбаевтың адвокаттары Салтанат Нүкенованың өлімін «Адам өлтіру» деп атамауды талап етті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті  

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 21, 22, 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Поддержка под вопросом

В МАЖИЛИСЕ ПАРЛАМЕНТА ОЗВУЧИЛИ СРАЗУ ДВА ЧУВСТВИТЕЛЬНЫХ ВОПРОСА СОЦИАЛЬНОЙ ПОЛИТИКИ – ФИНАНСИРОВАНИЕ УСЛУГ ДЛЯ ДЕТЕЙ С ИНВАЛИДНОСТЬЮ И ОТСУТСТВИЕ ПОДДЕРЖКИ ОПЕКУНОВ НЕДЕЕСПОСОБНЫХ ГРАЖДАН. НАРАСТАЮЩЕЕ НАПРЯЖЕНИЕ В СИСТЕМЕ ОТМЕТИЛИ ПАРЛАМЕНТАРИИ В ДЕПУТАТСКИХ ЗАПРОСАХ НА ИМЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА СТРАНЫ.