«Мен ешқашан үнсіз қалмаймын». Игита қазақстандық футзалдағы даудан кейін мәлімдеме жасады

Футзалдан Қазақстан чемпионатындағы «Каспий» мен «Атырау» арасындағы матч кезінде дау шықты, кейінірек сол дау неден шыққаны анықталды. Футзалдан «Қайрат» клубының әрі Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита бұл ойыннан кейін үндеу жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Матч 1 мамырда өткен. Ақтаудағы кездесу 5:3 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Екінші таймда «мұнайшылар» 2:1 есебімен жеңіп жатқан кезде жанжал шықты. 

Кейінірек СпортРадар.kz Telegram-арнасы оқиғаның мән-жайын анықтапты.

Дереккөз «Каспий» МФК директоры Ержан Жаңбыровпен хабарласып, мынадай пікірін алған:

«Бірден айтайын: жанкүйерлердің еш қатысы жоқ. Жаппай төбелес шығарғандардың бірі — біздің клубтың қызметкері, ол бірінші жұмыс күні-ақ жұмыстан шығарылады. 

Бірақ мен мынаған назар аудартқым келеді. Ойын басында біздің әкімшіге матч төрешілерінің бірі Аслан Галаев келген. Ол белгілі бір сыйақыға сапалы төрелік жасаймын деп ашық айтқан. Неткен бетсіздік! Мұндай ойын ойнамаймыз, бірақ үндемей де отыра алмаймыз! Дәл осы арбитрлер ойынды бүлдірді деп ойлаймын, сондықтан жанжал шықты. 

Тағы бір мәселе. Біз неге бүгін бақылау тәртіп комиссиясының шешімінсіз «Атыраумен» қайталап көрерменсіз ойын өткіздік?» — деді Жаңбыров.

Дереккөз мәліметінше, федерация өкілдері алдағы уақытта ресми жауап берілетінін хабарлаған.

«Біз пікірін сұрау үшін арбитр Аслан Галаевпен де байланысқа шықтық. Бірақ арбитр пікір білдіруден бас тартты», — деп жазған дереккөз.

Дереккөз мәліметінше, ойыншылар ғана емес, «Каспий» әкімшісі Нұржан Сұлтағазиев те, сондай-ақ, «Атырау» бапкері Жақсылық Байсариев те ескерту алған.

Осы даулы матчтан кейін «Қайрат» қақпашысы Игита мәлімдеме жасады.

«Мен осы елді әрдайым қорғаймын. Әлдене алаңдатса, ешқашан үнсіз қалмаймын… Біздің қазақстандық футзал жыл өткен сайын дамуы үшін күресіп келдім, күресті жалғастыра да беремін, футзалымыздың деңгейі қазір осындай жағдайға көтерілгеніне мен бақыттымын. Біз салған жолды бұзуға ешкімге де мүмкіндік бермеймін. Қазақстандық футзал өте үлкен, өзгелер ойлағаннан да үлкен! АЛҒА, ҚАЗАҚСТАН, біз әрқашан бірге боламыз!!! Бұл елді жақсы көремін!!» — деп жазды Игита.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...

ПРЕСТУПЛЕНИЕ: ОТ СООБЩЕНИЙ К ПОХОРОНАМ

ДОЛГОЕ ВРЕМЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ ОТСУТСТВОВАЛО САМО ПОНЯТИЕ СТАЛКИНГА КАК САМОСТОЯТЕЛЬНОГО ПРОТИВОПРАВНОГО ДЕЯНИЯ. НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО ЖЕРТВЫ НЕРЕДКО СООБЩАЛИ О НАВЯЗЧИВЫХ ЗВОНКАХ, ПОСТОЯННОЙ СЛЕЖКЕ, УГРОЗАХ И ПРЕСЛЕДОВАНИИ, ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫЕ ОРГАНЫ БЫЛИ...