Мен еркектен бір саты төмен тұрғым келмейді, мен еркекпен бірдей тұлғамын — Баян Алагөзова

Баян Алагөзова тағы да әйелдер құқығы жайында. Әйелдер өз құқығын білмейді деп ұрандатқан продюсер бұған дейін де әйел құқығын қорғау үшін қор құрғысы келетінін айтқан. Енді «әйелдер ер азаматпен бірдей тұлға» деген ойын айтты.

«Мені елдің тағдыры алаңдатпай қоймайды. Қазір елде болып жатқан үзілістер билікті ғана емес, әрбір азаматты алаңдатып отыр. Бастан өткен оқиғаларға қарап отырып менің түйгенім «біз әйелдерді сыйлауды қойдық. Ана ретінде, қыз ретінде, әпке ретінде сыйламайтын болғанбыз. Тұлға ретінде қармаймыз». Әйел еркектен бір саты төмен тұру керек деген сөз әйелдерді алаңға шығуына, наразылық танытуына, қоғам белсендісіне айналуға, әкім алдына баруға, полицей формасын жұлқылауға, дәл осындай жазба жариялауға әкеп отыр», — деді Алагөзова желіде.

Айтуынша, әйелдер билік басында да, басқа орындарда да қызмет етпейді. Әйелді ешкім тыңдамайды. Құқығын аяқ асты етеді. Бұған әйелдердің өздері де себептші. Өз құқығын білмейді. Ер азаматтан төмен  болуым керек деп санайды. Алайда мұның бәрі уақытша деп қалды продюсер.

«Мен еркектерден бір саты төмен тұра алмаймын. Мен толыққанда тұлғамын, заңда да құқығым бәрімен бірдей. Әйелдер өзін төмен сатылы жан ретінде сезінуге мүмкіндік бере берсек, қазіргі елдегі жағдай осылай жалғаса береді. Билік өкілдерінің 99 пайызы ер азаматтар. Онда парақорлық пе жемқорлық жайлаған.

Біз парламентте, әкімдікте жоқпыз. Министрлікті істемейміз. Егер болсақ та не орынбасар, бақылаушы секілді етіп қоды. Бабаларымыз жайында айтар болсақ, Ұмай ананың ұрпағымыз. Елді жаулаған жігерлі халық болдық. Ұмай ананың әруағымен небір батырлар рухтанады. Әйелдердің рухына сенетін аз ғана адам бар шығар, бірақ бұл уақытша ғана деп сенемін», — деп жазды продюсер.

Алагөзованің сөзіне алагөздеген қарағандар да, жақтағандар да баршылық. Әсіресе, ер азаматтар тарапы продюсермен мүлде келіспейді.

После принятия новой Конституции в стране успешно реализуются масштабные политические реформы – наблюдатель из Иордании

Международный наблюдатель, член Совета комиссаров Независимой избирательной комиссии Иорданского...

Мәре сызығы артта қалды: Меңдібай аға «Құрылтайға жол» ультрамарафонын Алматыда дауыс берумен аяқтады

Меңдібай аға өзінің парақшасында «Құрылтайға жол» шежіресіндегі қорытынды жазбасын...

Мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған – Сердар Мутта

Бүгін – Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлау күні. Дауыс...

МВД РК: ситуация в стране стабильная, грубых нарушений общественного порядка не зарегистрировано

По словам официального представителя Министерства внутренних дел РК Шынгыса...

ҚР ІІМ: елдегі жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша,...