12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мемлекеттік қызметтің ерекшелігі

Қоғамда көптеген қызметтің түрлерін көріп жатамыз. Олардың бір-біріне ұқсамайтын сан алуандылығы бар. Педогогтік, емдеу ісі, шығармашылық, жеңіл және ауыр өнеркәсіп, қызмет көрсету, өндіру сынды бөліне береді.

Осы салалардың барлығында да бақылау функцияларын іске асыратын мемлекеттік құрылымдар бар. Ал орадың негізі қызметінің түрі – мемлекеттік қызмет.
Мемлекеттік қызмет басқару формасына сәйкестене отырып кәсіпкерлікпен, өндірушілікпен айналыспайды. Оған мемлекеттің функцияларын мен міндеттірін тікелей атқару жүктелген.

Негізгі ұғымында мемлекеттік қызмет дегеніміз – мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi қызметi.
Ал ол қызметті жүзеге асырушы мемлекеттік қызметші деп аталады.
Бұл қызмет құқықтық жағынан 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтің бірнеше реформадан өтіп, әлі де даму үстінде.
Мемлекеттік қызметтің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, мемқызметші кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынады. Себебі оның тапқан табысын есептеу қиындыққа әкеліп соғады. Сонымен қатар қызметші кәсіпкерлікпен айналысса, кез-келген мемлекеттік мекемелермен сыбайласу қаупі бар.

Екінші ерекшелік: мемлекеттік қызметші қызмет орналасқан сәттен бастап өзіне шектеу алады. Ол шектеулердің қатарына – сайланбалы органның мүшесі болуға, мемлекеттің тұтастығына қандай да бір зардап келетін әрекеттер жасамауға, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік құпия мен мүлікті сақтау жатады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметші қызметке кіріскен сәтте ант береді. Ант берген кезден бастап оны бұзбауға міндеттенеді.

Мемлекетті қызметші қызметке конкурстық немесе сайландалы негізде тағайындалады.
Қызмет атқару барысында заңдылық, Қазақстан патриотизм, ашықтық, нәтижелілік, тиімділік, әдептілік, құқық бұзушылыққа төзбеушілік қағидаттарын берік ұстануы керек.

Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметті өткеру кезінде жалпыға бірдей моральдық-әдептік нормаларды сақтап, қарапайым түрде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзінде асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс.

Қалжан Жорабаева
Қызылорда қалалық сотының жетекші маманы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...