12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алу тиімді

Мемлекет басшысының 2020 жыл­ғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауындағы негізгі тарауларының бірі – цифрландыру. Цифрландыру – сəнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бəсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Халыққа электронды сервистерді қолдануды ыңғайлы ету үшін мемлекеттік қызмет көрсету ісінде де, бизнесте де биометрияны кеңінен пайдаланған жөн. Бүгінде мемлекеттік органдардан қажетті қызметті алу және керек құжаттарды беру ғаламтор арқылы электронды түрде жүзеге асырылады.

Мемлекет басшысының жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 133-тармағын орындау шеңберінде Әділет министрлігі мүдделі органдармен және ұйымдармен бірлесіп ақпаратты цифрлық растау мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында неғұрлым талап етілетін анықтамалар мен қағаз растамаларды алып тастау бойынша жұмыстар жүргізді Нәтижесінде Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №129/НҚ бұйрығымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен төмендегі анықтамалар алынып тасталды:

  1. «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан (тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы, заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің болуы туралы, заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы, жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы туралы, заңды тұлғаны әрекетсіз заңды тұлға деп тану немесе оның қатысушыларының әрекетсіз заңды тұлғаларға қатыстылығы туралы, құрылатын заңды тұлға атауының тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектінің атауымен сәйкес келуі туралы) анықтама, заңды тұлғаның барлық тіркеу әрекеттері туралы, белгіленген күнге тіркелген заңды тұлға туралы, құрылтай құжаттарына соңғы енгізілген өзгерістер туралы, заңды тұлғаның үлесіне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы);
  2. Жылжымайтын мүлік иесі (құқық иеленушісі) туралы мәліметті қамтитын техникалық паспортқа қосымшаны беру;
    3. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру;
    4. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірмені беру;
    Ендігі жерде азаматтар мен заңды тұлғалардың қажетті мәліметтерді таңдап және өзінің ЭЦҚ-сын пайдаланып, сұрау салу жібере отырып, «электрондық үкімет» порталынан заңды тұлға туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Сұрау өңделгеннен кейін порталдың мәртебелік бетінде заңды тұлға туралы өзекті ақпарат көрсетіледі. Сондай-ақ, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» заңның 14-2-бабына сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді «Электронды үкімет порталы» арқылы жүргізуге болады.
    Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізудің хабарлама тәртібі келесідей: басшыны өзгерту (басшыны тағайындау, басшының міндетін атқарушыны тағайындау, заңды тұлғаның мүлкі мен қызметін басқарушыны тағайындау, басшыны лауазымынан шеттету). Бүгінгі таңда заңды тұлға басшысының өзгеруі ең кең таралған және сұранысқа ие қызмет болып табылады. Заңды іске асыру мақсатында заңды тұлғаларды тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша Жол картасы әзірленді.
    «Электрондық үкімет» порталында Жол картасының 22-тармағына сәйкес egov.kz 11.10.2021 жылдан бастап бэк-кеңсенің қатысуынсыз автоматты режимде заңды тұлға басшысын өзгерту бойынша хабарлама тәртібі қызметі іске асырылды. Қазіргі уақытта заңды тұлғаның басшысын өзгерту бойынша сервис іске қосылды, ол электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Бұл қызмет келесі ішкі қызметтерді қамтуы керек:
    1) мемлекеттік мекемені қоспағанда, заңды тұлғаның басшысын тағайындау.
    2) банкроттықты, оңалтуды немесе уақытша басқарушыны тағайындау жатады. Басқарушыны тағайындау сот органының шешімі бойынша заңды тұлға оңалту рәсімін, мәжбүрлеп таратуды немесе банкроттықты жүргізу қажет болған жағдайда жүргізіледі.
    3) мұраны сенімгерлікпен басқарушыны тағайындау. Заңды тұлғаның мұрасын сенімгерлік басқарушыны нотариус тағайындайды. Тағайындау, егер заңды тұлға басшысы және жалғыз құрылтайшысы ЖТ МДҚ-да қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен немесе хабар-ошарсыз кеткен мәртебесі бар ЖТ болып табылған жағдайда жүргізіледі. Өтінішті мұраның тағайындалған сенімгерлік басқарушысы немесе сенімгерлікпен басқарушыны тағайындау туралы куәлікті ресімдеген нотариус мұраны сенімгерлікпен басқарушыны тағайындау туралы куәліктің pdf форматындағы сканерленген көшірмесін қоса бере отырып бере алады. Қызмет ЗТ орналасқан жері бойынша тіркеушінің қатысуымен көрсетіледі.
    5) филиал (өкілдік) басшысын тағайындау. Өтінішті электрондық үкімет порталына бас ұйымның басшысы береді және ол қол қояды.
    6) заңды тұлға, филиал, өкілдік басшысының м.а., ол болмаған уақытта басшыны алмастыратын адамды таға­йындау.
    Заңды тұлғаның басшысын өзгерту процедурасы бо­йынша нұсқаулықты оны жұмыста қолдану үшін жібереміз.
    Сонымен қатар, техникалық сипаттағы проблемалар бар:
    нәтижені күту уақытының артуы (1 сағаттан астам);
    адрес бағаны белсенді емес (яғни, адрес тексерілмейді);
    сайтта басшыны өзгерту бойынша қадамдық әрекеттерді толтыру кезінде egov.kz өтініш берушілер техникалық проблемаларға тап болады (жүйенің бұзылуы).
    Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алу барынша тиімді. Бұл мемлекеттік қызмет алу рәсімін оңайлатып; уақытша шығынды кемітуге; азаматтың өз өтініші бойынша атқарылған бақылап отыруына; мемлекеттік қызметті көрсету туралы өтінішті қашықтан беруіне, электрондық құжат айналым жүйесін енгізу салдарынан бюрократтық сымдарды жоюға; сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға көмектеседі.

Ансар Пирметов,
Түркістан облысы Әділет департаментінің
тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік
қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы

СИЛА ПОЛИЦИИ – В ДОВЕРИИ НАРОДА

В ЯНВАРЕ ЭТОГО ГОДА ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРОВЕЛ...

КАК ЖИВЕШЬ, СЕЛЬСКАЯ ШКОЛА?

Каждый день директора общеобразовательной школы № 2 села Балкашино...

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...