12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мемлекеттік қызмет – зор құрмет

Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты халыққа арнаған жолдауында Елбасы «Халыққа және мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіпқой мемлекеттік аппарат қалыптастыру міндетін» алға қойса, бұл мәселе бес институттық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам ұлт жоспарында одан әрі нақтыланды. Қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты, әрине, мемлекеттік қызметкерлерден бөліп қарай алмаймыз.

Сондықтан, сала еңбеккерлерінің мәртебесі мен беделін, жауапкершілігін бүгінгіден де жоғары деңгейге жеткізу қажеттілігі туды. Соған орай, ҚР Мемлекеттік қызмет туралы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауында «Біз елімізді реформалаудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Осы маңызды міндеттерді сапалы орындауымыз керек. Еліміздің әрбір тұрғыны оң өзгерісті сезінуі тиіс. Мен мемлекеттік органдардан жұмысты жедел атқарып, нақты нәтижеге қол жеткізуді талап етемін» деп, әрбір қызметкерге жоғары жауапкершілік жүктеді.

Жаңа әдеп жөніндегі уәкілдер институты құрылды. Оның мақсаты азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерге кеңес беріп, олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету болды. ҚР Мемлекеттік қызмет туралы заңына қысқаша тоқталсақ, ондағы өзгертулер негізінен мемлекеттік қызметшілер жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Мысалы, осы заңмен әкімшілік лауазымдарға конкурстан тыс тағайындауға құқығы бар тұлғалар мүмкіндігі кеңейтіліп, саяси қызметшілер ротациясы енгізілді. Қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ҚР Президенті жанындағы білім беру орындары мен олардың филиалдарында, сонымен қатар, дербес білім ұйымдарында жүзеге асыру көзделді. Ал, құқық қорғау органдарының лауазымдарына конкурс пен тағылымдама өткізудің шарттары мен тәртібін бекіту құзыры орган басшысына берілді. Бұл міндетті басшы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып жүргізуі тиіс. Конкурсқа қатысушының жеке қасиеттері уәкілетті орган бағалауынан өтеді.

Тағы бір айта кетерлігі, өткен жылы мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі болып қайта құрылымдалды. Сонымен қатар, президентіміз мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын көтеруді тапсырды. Республикамызда мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби мерекесі жыл сайын атап өтіледі. Мемлекеттік қызметкерлерге жүктелер жауапкершіліктің жоғары екендігі 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында да көрсетілді. Онда әрбір мемлекеттік қызметшінің өзінің мемлекеттік билік айнасы екенін түсіне отырып, азаматтар пікіріне барынша мұқият және мүдделілікпен қарауы, жанжал қай жерде және қандай себеппен туындаса да, оның алдын алу міндеті екені көрсетілді. Мемлекеттік қызметкерлердің халықтан алшақтап кеткенін қатаң сынаған президенттің бұл тұрғыда «Байқасаңыздар, біздің кейбір шенеуніктерімізге жетпей жататыны – қарапайымдылық, адами қарым-қатынастар. «Әкім бол — халқыңа жақын бол» деп халық бекер айтпайды. Оларға осы сөз бойтұмар болуы тиіс. Ал, біздің шенеуніктер халықпен кабинетінің немесе қызметтік көлігінің терезесінен ғана араласқанды қош көретіндей» деп, мұндай әдетті тез арада тыюды ескерткені баршаға мәлім.

«Біздің міндет – халыққа адал қызмет» демекші, елімізде мемлекеттік қызметкерлерді қолдау шаралары тұрақты жүргізілуде. Сондықтан, халыққа, жалпы қоғамға сапалы қызмет көрсету, мемлекеттік қызметтің зор құрмет екенін естен шығармау әрбір мемлекеттік қызметшінің парызы.

А.Бейсеуова,

Алматы қаласы

Алмалы аудандық №2

сотының судьясы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...