12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мемлекеттік тілге құрмет — елге құрмет

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.        

          Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы-тіл. Тіл-халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі-ұлттың мәселесі».

           Ана тілімізді өркендету –баршаның ісі. Тіл тек қарым қатынас құралы емес, ойлаудың дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың, ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың құралы және ұлтымыздың биік тұғыры. Бұл ретте біздің мемлекетіміздің тілге деген жанашырлығы басым.

Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі – мемлекеттік тіл. Еліміз егемендік алғалы ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Тіл сол мемлекеттің иесі болған халықтың мүддесін қорғауы тиіс. Қазақстан Республикасының мемелекеттік тілі — қазақ тілі, мемлекеттік тіл еліміздің барлық аумағында қолданыс үрдісінде кеңейді. Мысалы: мемлекеттік басқару, сот ісін жүргізу, заң шығару, іс қағазын жүргізу салаларында кең өрісін алып келеді. Қай кезде болмасын тіл мәселесі– сөйлейтін, сол тілден сусындаған, ұлттық белгісі болып саналатын халықтың мәселесі.

 Сот істерінің басым бөлігінің ресми тілде жүргізілу себептерінің бірі, сотқа жүгінушілердің мүддесін қорғаушы адвокаттар, заңдық көмек көрсетуші өкілдердің қазақ тілін жетік білмеуінен. ҚР қылмыстық-процестік кодексінде сот ісін жүргізу тілі, сотқа талап арыз берілген тілге қарай, сот ұйғарымымен белгіленетіні көрсетілген. Бұл дегеніміз, сотқа талап арыз қай тілде берілсе, іс сол тілде қаралып, сот актісі де сол тілде қабылданады деген сөз.

Айтар болсақ, орыс тілін жай ауызекі сөйлесуде ғана білетін сот процесіне қатысушылар, сот процесі кезінде өз ойларын толық жеткізе алмай қиналатын тұстары жиі болып тұрады. Алдын ала тергеу мемлекеттік тілде жүріп, прокуратура өкілдері қазақша сөйлесе, талап арыз осы тілде жазылса, істі қазақ тілінде қарауға қуана келісетін едік.

Жоғарыда атап өткен мән-жайларға сүйенетін болсақ, әрбір сотқа жүгінуші азамат, сотта қаралатын мемлекеттік тілдегі істердің көрсеткішіне өз үлесін қоса алады. Өйткені, сот ісін жүргізу тілі заң талаптары бойынша, сотқа талап арызберілген тілге қарай сот ұйғарымымен белгіленеді.

Қазір іс қағаздарын жүргізу номенклатурасына сәйкес жүргізілетін кітаптар, есептік карточкалар, сот тәжірибесінің талдаулары, жедел кеңес және семинар сабақ хаттамалары, жоғары сатыдағы соттармен және басқа да мемлекеттік мекемелермен хат алмасу тек мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту, тілдің қолданылу аясын арттыруға күш салу. Қазірігі таңда мемлекет тарапынан тілдік қорымызды үздіксіз жетілдіріп отыру үшін заңдар қабылданып, бағдарламалар жасалған. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып мемлекеттік тілдің қолдану өрісін кеңейту өз қолымызда.

Қазіргі таңда қоғамда мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық  негіз бар.  Қазіргі қоғамымыздың жастарының белсендігі жоғары.  Бұл біздің мемлекеттік тіліміздің мәртебеміздің асқақтағаны.

          Ана тілін жақсы білу-әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі. Сондықтан ана тілімізді қадірлейік.

Г.Чингисов, Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы

АКЦЕНТ – НА ОПЕРЕЖАЮЩИЕ ПОДХОДЫ

ПОСТАНОВЛЕНИЕМ ПРАВИТЕЛЬСТВА №1117 ОТ 19 ДЕКАБРЯ 2025 ГОДА В...

ПОЧЕМУ МЫ БОЛЬШЕ НЕ ЧУВСТВУЕМ ПРАЗДНИКИ?

ПРАЗДНИК РЕДКО ОПРЕДЕЛЯЕТСЯ ВНЕШНИМИ АТРИБУТАМИ, ХОТЯ ИМЕННО ОНИ ЧАЩЕ...

ОБ ОБРАЗОВАНИИ И КУЛЬТУРНОЙ ИДЕНТИЧНОСТИ

5 января 2026 года Президент Республики Казахстан Касым -Жомарт...

СТРАТЕГИЯ: КУРС В ЭПОХУ ИИ

Объявление 2026 года Годом развития цифровизации и искусственного интеллекта...

ЕДИНСТВО В МНОГООБРАЗИИ

В условиях усложняющихся общественных процессов и растущего запроса на...