12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік тілді насихаттау және қолдану аясын кеңейту

Қазақ тілі-ата бабамыздан мирас болып келе жатқан ең қымбат қазына. 

Қазақстан Республикасының 1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы Заңы» қабылданып, күшіне енді. Қазақстанның мемлекеттік тілі-қазақ тілі, ұлттаралық тілі, орыс тілі және басқа тілдердің ережелері мен заңдастықтарын растайтын және реттейтін нормалар жиынтығы.

Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз ‑ тіліміз.  Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу болып табылады.

Сонымен қатар, тілді үйренуге ең басты қажет дүние ‑ тілдік орта. Ал, тілдік ортаны алдымен балабақша мен мектепте жасау керек. Аталған тілдік білім әрі қарай даму үшін ол тілде сөйлеу керек. Сондықтан тілге қатысты атақарылар шаруа, бітірер іс ешқашан тәмәмдалмайды деп білеміз. Бүгінгі Қазақстан жастары бір тілде сөйлеп, бір мақсатқа жұмылар болса, біздің күшіміз бен қуатымыз да арта түседі.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Мемлекеттік тілді барынша дамытуға, беделін нығайтуға еліміздің барлық мемлекеттік органдары белсенді ат салысуы керек, сонда ғана елімізде жүргізілетін барлық жүйе бойынша мемлекеттік тіліміздің мәртебесі арта береді.

Мемлекеттік тіл ең алдымен осы мемлекеттің Конституциясының тілі, сондықтан, Конституциясы жоқ елдің мемлекеттік тілі де жоқ деп есептеледі. Мемлекеттік тіл көп жағдайда осы мемлекеттік сан жағынан басым, байырғы ұлттық тілі. Сондықтан да, әлемде мемлекеттік тілді ресми тіл дейді. Қажет болған жағдайда ресми құжаттар басқа тілдерге аударылады.

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту әр азаматтың патриоттық борышы. Әр мемлекеттік қызметкері  ана тілін күнделікті байланыста және қызметінде пайдаланса, мемлекеттік тілдің тұғыры міндетті түрде өз тұғырын биікке көтерері сөзсіз.

Қазақ тілін қолдану тек заңмен емес, халықтың сана-сезімімен байланысты.Тілді құрметтеу өз ұлтыңды, өз еліңді құрметтеу.Сондықтан әр азамат қазақ тілін үйреніп қоймай,оны күнделікті өмірде еркін қолдануға тырысу керек.

                                                             Шымкент қаласы мамандандырылған 

                                                             ауданарлық әкімшілік соты бас маман сот 

                                                             отырысының хатшысы Д. Курманаева

Во имя безопасности и порядка

ОБЕСПЕЧЕНИЕ БЕЗОПАСНОСТИ ГРАЖДАН – ОДНА ИЗ ПЕРВОСТЕПЕННЫХ ЗАДАЧ ЛЮБОГО...

Заң қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алуды көздейді

Жаза тағайындау кезінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және...

Независимость должна опираться на закон

День Республики – особая дата в истории Казахстана, символизирующая...

Күзгі аллергияның алдын қалай алуға болады?

Даланы алтын түске бояған қоңыр күз мезгілі адам жанарын...

«Шапағат» — площадка для инициативных студентов

20 октября 2025 года студенческий волонтёрский клуб «Шапағат» Юридического...