12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік тілдің мәртебесі қашанда биік

  Тіл тұғырының биікке көтерілгені қашанда — халық мәртебесінің жоғарылауы. Өз тілінің қадірін біліп, немқұрайлы қарамаған жеке мемлекет ішінде тіл мәселесі көтерілмейді. Біздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз, мемлекеттік тіліміз халқымыздың көкке ұстар тірегі. Қазақ тілінің құдіретін қанша сөзбен айтсақ та, оны жеткізу мүмкін емес. Талай ғалым, жазушы, зерттеушілер осы қазақ тілінің қандай көркем тіл екенін айтып кеткен еді. Солардың бірі Мелиоранский: «Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, әрі бай тілге жатады. Қазақтар — шешен әрі әдемі сөйлеудің хас шебері… Қазақтар халық әдебиетіне аса бай, әрі жан-жақты», — деген.
Шынында да, қазақ тілі сүбелі сөзге, мақалға, шешендік сөздерге өте бай. Ана тіліңмен қатар басқа халықтың тілін білу сол елдің тіліне көшіп кету деген сөз емес, ол адамның өз-өзін жан-жақты дамытуы.
          Батыр Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай: «Қазақ тілі өткірлігімен бой балқытып, құлақ құрышын қандырып, жан жүйеңді жандырып, ұғымын қонымды, жүрегіңе тиімді… қысыл таяң қатал жағдайда қайрап, егеп сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендей ерге, елге медет болып адам түгіл жағдайдың көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын тіл…». Дөп басып айтылған сөз! Бүгінде қай елде болмасын тіл мәселесі, оның ішінде мемлекеттік тіл мәселесі аса маңызды тақырыптардың бірі! Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің керегесін қалап, бұғанасын қатайтты. Дүниедегі барлық ұлт тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиеті мен мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Кез келген мемлекет өзінің ұлттық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғап барын салуы сондықтан.
Тіл – өткеннің ұрпақтарына қалдырған аманаты. Ата Заңымызда  «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп анық жазылған. Мемлекеттік тілімізді сақтап, дамытып, сындарлы тіл саясатын жүргізуді үзбей жалғастыру сайып келгенде, ұлттық қауіпсіздіктің, мемлекет тұрақтылығының бір кепілі болып табылады. 
Мемлекеттік тілді дамытып, қолданыс аясын кеңейту мақсатында, мемлекеттік қызметтеде де түрлі ресми іс шаралар өз жалғасын тауып келеді. Осы орайда біркелкі сот практикасын қалыптастыру және сот ісін жүргізу тілі туралы заңнаманы дұрыс қолдану мақсатында жасалып жатқан іс шараларда аз емес. Дөңгелек үстелдер мен жиналыстар, семинар сабақтары мемлекеттік тілде жүргізіліп, мекемелер арасында шығыс хат хабарлары мен іскерлік қағаз хаттары да мемлекеттік тілде алмасып отыр.
Мәселен, біздің сотта мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған жұмыс жоспарына сәйкес кеңсе меңгерушісінің бастамасымен мемлекеттік тілдегі іс қағаздарын жүргізудің жай-күйіне назар аудару, қолдану сапасын арттыру және сот ісін жүргізу тілі мен іс қағаздар жүргізу тілін қатаң сақтау, міндетті түрде екі тілде хат алмасу қажеттілігін ескерту мақсатында жиналыстар жиі өткізіледі.
Біздің мақсатымыз – әлемдегі өркениетті елдердің алдыңғы қатарында болу. Осы көздеген мұратқа жету үшін білімді де, тәрбиелі ұрпақ өсіру қажет. Ол дегеніміз – өз ана тілінде, яғни, қазақ тілінде еркін сөйлеп, оны тереңінен меңгере білуі!
 
А.Айтжанова, Мамандандырылған ауданаралық
әкімшілік соты кеңсесінің
жетекші маманы                                                                           
 

Интернет алаяқтарынан сақ болыңыз

Алаяқтық дегеніміз- бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап...

Сот төрелігінің үнсіз қаһарманы: Сот отырысының хатшысы

Қоғамда әділдіктің темірқазығы саналатын сот жүйесінің әрбір мүшесі өз...

Талап болса, тіл тұғыры биіктейді

Қазақ тілі – қазақтың жаны, халықтың ең қадірлісі. Тілді...

Эксаумақтық соттылық және оның процестік ерекшелігі

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен...

Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына біз жауаптымыз

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан...