12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мемлекеттік тілдің мәртебесі қашанда биік

Әрбір халықтың өз ана тілі бар. Ол — жеке адамның ойлап тапқан туындысы емес, барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Мен өз ана тілімді мақтан тұтамын, сонымен қатар мемлекеттік тілді өз деңгейінде меңгеруді мақсат етемін.

Тілді меңгеруге мемлекетімізде барынша жағдай жасалып жатыр. Мемлекеттік тіл – татулық пен бірліктің тірегі. Тіл-қоғамның жемісі. Тілге деген құрмет-халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуге міндеттіміз. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.Тіл байлығы- әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалатын баға жетпес мұра.

 Бүгінде әр ата-ана, әр халық өзінің ұрпағының білімді, мәдениетті, елінің қамын ойлайтын, өмірге икемді, іскер азамат болғанын қалайды. Бұл қасиеттердің барлығы бала өмірге шырылдап келген күннен бастап тіл арқылы бойына дарытыла бастайды. Тіл елдің тірегі, халықтың соққан жүрегі. Атақты ақын Расул Гамзатов: «Мен үшін әр халықтың тілі аспандағы жұлдызы іспеттес. Аспандағы барлық жұлдыздардың бір үлкен жұлдызға бірігіп, аспанның тең жартысын жауып тұрғанын қаламас едім. Өйткені аспанда сәулесін шашқан күн көзі бар. Әр жұлдыз жеке жарқырай түссін. Мен кез келген халықтың өз жұлдызының болғанын қалаймын» деген болатын. Шынында да халқымыздың асыл қазынасы мемлекеттік тілі, «кішігірім таудан» болашақта мұнар басына көз жетпейтін «биік тауға» айналатынынына сеніміміз мол. Мемлекеттік тілді дамыту үшін ең бірінші оған деген қажеттілік туғызу қажет. Өйткені мемлекетіміздің ұстанған саясаты-елімізде мекендейтін барлық халықтардың қазақ тілін үйренуіне жағдай жасау болып табылады.

Ал еліміздің болашағы болып табылатын жас ұрпақтың өз намысын оятып, сана сезімін өзгертуі қажет. Әрбір ата-ана өз баласының ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, рухани дүниесі бай, елжанды азамат болуын қаласа келешек жас ұрпақты өз ана тілінде білім алуға жетілдіруі тиіс. Ана тілінде білім алған бала нағыз ұлтжанды, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігі мол азамат болатыны белгілі.

Шымкент қаласының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының

бас маман-сот отырысының хатшысы Е.П.Пернехан

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...