Мемлекеттік тілді дамыту – ортақ борышымыз.

Мемлекеттік тіл – ұлттың рухани негізі, ел бірлігінің берік тірегі және тәуелсіздіктің басты құндылықтарыныңы бірі екені ақиқат. Ата Заңымыз Қазақстан Республикасы Конституциясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі деп анық көрсетілген. Сондықтан қазақ тілін құрметтеу, сөйлеу, қолдану және оның қолданысын дамыту – елімізді әрбір азаматтың ортақ міндеті деп білемін.

Тіл – халықтың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, ұлттық болмысын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін асыл мұра. Ия. Қазақ тілі – халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан асыл мұрасы десек қателеспейміз. Ана тілі арқылы халықтың тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі мен рухани құндылықтары ұрпақтан ұрпаққа жетеді. Сол себептен де қазақ тілінің дамуы – еліміздің дамуы мен өркендеуінің маңызды көрсеткіші.

Мемлекеттік тіл — еліміздің халқын, бірнеше ұлттың басын қосатын, біріктіретін, ортақ істерге жұмылдыратын, патриоттық сезім ұялататын бірден-бір құрал.

Мемлекеттік тілді дамыту, тілдің мәртебесін арттыру тек мемлекеттік мекемелердің және тіл мамандарының ғана міндеті емес. Бұл – бүкіл қоғамға ортақ жауапкершілік деп түсіну қажет.

Мәселен, елімізде тілді дамыту ең алдымен оны күнделікті өмірде еркін қолданудан бастау қажет деп ойламйын. Яғни, қазақ тілінде сөйлесу, сауатты жазу, кітап оқу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтудің қарапайым әрі маңызды қадамдары деп білемін.

Қазіргі таңда қазақ тілін заман талабына сай дамыту, оның ғылымда, білімде, мәдениетте, ақпараттық кеңістікте кеңінен қолданылуына жағдай жасау – маңызды міндеттердің бірі. Әсіресе жас ұрпақтың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттырып, ана тілімізді мақтан тұтуына ықпал ету – баршамыздың парызымыз. Өйткені, тілге құрмет – елге құрмет. Мемлекеттік тілді дамыту арқылы біз ұлттық құндылықтарымызды сақтап қана қоймай, сонымен қатар болашақ ұрпаққа рухани бай мұра қалдырамыз деген сөз. Ендеше, қазақ тілін бірге қолдайық, бірге дамытайық!
Мемлекеттік тілді дамыту – ортақ борышымыз, ортақ міндетіміз және ортақ болашағымыз!

Елімізде мемлекеттік тілдің тұғырын көтеру саясатын қолдау мақсатында, қазіргі таңда сот саласында мемлекеттік тіліміздің деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің біріне айналып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен бақылауға алынып отыр. Яғни, сот саласында құжат айналымында қазақ тілін қолдану, істерді мүмкіндігінше қазақ тілінде қарау мәселесі әрдайым бақылануда.

Мәселен, статистикаға сәйкес, Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026 жылдың 7 айында барлық кіріс құжатының (хат-хабарлар, азаматтық іс бойынша талап арыздар мен арыздар, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша материалдар) мемлекеттік тіліндегі үлесі бар болғаны 69%-ға жуығын ғана құраған. Алайда, сотпен бұл көрсеткішті көтеру бойынша жұмыстар атқарылуда.

Қорытындылай келе, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, дамыту өз қолымызда. Қазақ тілі – тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің және татулығымыздың тірегі десек артық емес. Өйткен, қазақ тілі — әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, әдемі тілдердің бірі деген ойдамын.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот әкімшісінің басшысы Жасұлан Шыршықбаев.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет — қоғам тұрақтылығының негізі

Сыбайлас жемқорлық - қоғамның дамуына кері әсерін тигізіп, мемлекеттік...

Қылмыстық заңнамадағы өзгерістер: заңдылық пен әділ сот төрелігін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасында қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру бағытындағы жұмыстар...

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...