12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мемлекеттік тілді дамыту маңызды міндет

Еліміз Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге барынша күш салып келеді. Осы бағытта түрлі заңнамалар қабылданып, тілдің өрісін кеңейтуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар да жүзеге асырылды. Нәтижесінде бүгінде қазақ тілді мектептер мен балабақшалардың саны артып, теледидардан көрсетілетін қазақша бағдарламалардың да үлес салмағы арта түсті.

Қазір қазақ тілінде сөйлейтіндердің үлес салмағы артуына орай барлық мемлекеттік мекемелерде, қызмет көрсету орындарында қазақ тілінде қызмет көрсететін мамандардың да саны артты. Кейбір мекемелер толықтай құжаттарын қазақыландырды. Тізе берсек саланың мұндай игіліктері өте көп. Дегенмен әлі де болса қазақ тілінің тынысын ашатын мемлекеттік бағдарлама тоқтамады. Мәселен қазір Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаның мақсаты: қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу болып табылады.
Тіл саясатын тиімді іске асыру, оның ішінде халыққа тілдерді оқыту процесінің қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен әзірленген «Tilmedia.kz», «Balatili.kz», «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Тermincom.kz», «Emle.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz», «Qazgramma», «Qujat.kz», «Atau.kz», «Qazlatyn.kz» электрондық ресурстары жұмыс істейді.
Сот саласы да мұндай өзгерістерден кенде емес. Қазір арызданушы сот ісінің қай тілде жүргізілуін қаласа, іс сол тілде қаралуы жолға қойылған. Заңнамалар да қазақ тілінде жазылып, сауатты жазылуына ден қойлыып келеді. Сот тілінің қазақылануы қазақ тілді аудитория құқығының өз деңгейінде қорғала бастағанын аңғартады. Демек қазақ тілі көздеген мақсатына жетіп, мәртебесі биіктей түсуде деп айта аламыз.

Киянбекова Асель Ерлановна, Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...