12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мемлекеттік  тілді  дамытуға мүдделіміз

Туған  тіліңді біліп қана  қоймай, ұрпақ санасына сіңіру, дамыту мемлекеттік  деңгейде толыққанды қолдануын қамтамасыз ету — әрбір азаматтың қасиетті міндеті. Ата  Заңымыздың  7-бабының  1-тармағында  «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заңының  қабылдануына  орай  республика аумағында  тілдерді  қолданудың құқықтық негіздері, мемлекеттің оларды  оқы-үйренуі мен дамуы үшін жағдайлар  жасауы  жөніндегі міндеттер  белгіленген. Аталған  заң  республика аумағында қолданылатын барлық тілге  бірдей  құрметпен қарауды қамтамасыз етеді, әрі  мемлекеттік  тіліміздің мәртебесін  де белгілеп  берген.

Елбасымыз К.К.Тоқаевтың «Қазақстанның  болашағы-қазақ тілінде» дегенді  үнемі айтып келеді. Сот саласында мемлекеттік  тілді дамыту  бағдарламасын  жүзеге асыру бағытында біршама  жұмыстар  атқарылуда. Кеңсе құжаттары мен  қатынас қағаздары, нұсқау, өкім сияқты құжаттар мемлекеттік  тілде  атқарылады.

Азаматтардан  талап-арыз қай  тілде  түссе, сол тілде сот процесі жүргізіледі. Мемлекеттік  және мемлекеттік  емес  ұйымдарға  соттан  кеткен  барлық  шығыс құжаттар, сұрату  хаттарына  жауап  мемлекеттік  тілде  және аудармасы қоса  жіберіліп отырады.

Мемлекеттік  тіл  тұғырын  алдымен  өзіміз биіктетіп, әділдікті  ту  еткен — сот, құқық қорғау  органдары, заңның  орындалуын  қадағалайтын мекемелер үлгі  көрсетуі  тиіс деп  айтқым келеді.

  Жасмин Галимжанова,

Орал қаласының  №2 сотының бас маман-хатшысы.

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...