Мемлекеттік тілді білу міндет

Тәуел­сіздік алғалы сот жүйесінде тың бастамалар жүзеге асырылып,  жауап­­кершілік арта түсті. Жұртшылықтың сот­қа деген көзқарасы жақ­сар­ды. Үшінші билік толықтай мемлекеттік тілге бет бұрды. Судьялыққа үміт­керлерге қазақ тілін білу талабы қойыл­ды. Бүгінде судьялар істі екі тілде бірдей қарайды.

Конституция бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар, ол  – қазақ тілі. Тіл туралы заңның талабына орай елімізде сот iсi мемлекетт­iк тiлде жүргiзiледі. Қажет бол­ғ­ан кезде ғана сот iсiнде орыс немесе өзге тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қол­данылады. Заңға сай, сот ісі талап-арыз берілген тілде жүргізіледі. Егер іс жүргізу тілін білмейтін немесе жақсы білмейтін іске қа­ты­су­шы болса, олар сотта ау­дар­­машымен қамтамасыз еті­леді. Мұндай жағдайлар соттарда мемлекеттік тілде қаралатын істер санының артуына жаппай жұрт болып атсалысуды қажет ететінін көрсетеді.

Мемлекеттік тіл ­- Қазақстанда тұратын барлық ұлттың ортақ тілі. Осы себепті, 2020-2025 жылдарға арналған тіл саясатын іске асырудың мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік тілдің нормативтік базасын күшейту, сондай-ақ, оны түрлі әдіспен, атап айтқанда, ынталандыру, көтермелеу көзделген.  Соттарда тіл саясаты тиісті бағамдар бойынша қадағаланады.

Республикамызда мемлекеттік тілді дамыту мақсатында барлық жағдай жасалынуда. Тіл мен ұлт – егіз ұғым. «Ұлт­тың сақталуына да, жоға­луына да себеп болатын нәр­сенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жо­ғалған жұрттың өзі де жоға­лады» дейді Ахмет Байтұрсынұлы. Ұлт ұстазының бұл сөзі – ешқашан мәнін жоғалтпайды. Демек, Қазақстанның мемлекеттік тілі ­- қазақ тілінің мәртебесін көтеру әрбір азаматтың борышы.

Жалпы алғанда, мемлекеттік және басқа да мекемелер қызметкерлері өздеріне қатысты құжаттарды тек қазақша дайындап, осы тілді жақсы меңгерсе нұр үстіне нұр болар еді. Олай дейтініміз, мемлекеттік тілдің тағдыры қазақстандықтардың  өз қолында, яғни, оның өсуі де, өшуі де халыққа тікелей қатысты. Өкінішке қарай, республикамызда мемлекеттік тілді дамытуға мемлекеттік қызметкерлер белсенділігі жетіспеуде. Жас ұрпақ аға буынға қарап бой түзейтінін ескерсек, мемлекеттік тілге деген құрмет мемлекеттік қызметшіден басталуы керек. Қазақстанда тұратын барлық азаматқа қазақ тілінің мемлекеттік тіл екені және оны білу азаматтық борыш екені үздіксіз насихаттау әрқашанда маңызды.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Шындығында, тілдік проблеманың үлкен саяси мәні мен маңызы бар. Тіл мәселесіне бей-жай қарап, немқұрайдылық танытатын болсақ, мемлекеттігіміз бен ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіріп алуымыз мүмкін» деген сөзі барлығымызды ойлантуы тиіс.

Индира Кумысбаева,

Түрксіб аудандық сотының

 кеңсе меңгерушісіАлматы қаласы

Тілге құрмет – елге құрмет

Біздің  тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл...

ӘРПК: Азамат құқығын қорғаудағы жаңа кезең

Қазақстанда құқықтық реформалардың маңызды бағыттарының бірі — азаматтардың құқықтары...

Қос ішектен төгілген үн – әлем төрінде

Қазақтың қасиетті домбырасы тағы бір мәрте әлем сахнасында күмбірледі....

Казахстанцы всё чаще выбирают доставку документов на дом

Сервис доставки документов на дом позволяет получать готовые документы...

Қазақстанда құжаттарды үйге жеткізу қызметі кеңінен қолданыла бастады

Құжаттарды үйге жеткізу қызметі дайын құжаттарды ХҚКО-ға қайта бармай-ақ...