Мемлекеттік тілді білу мемлекеттік қызметшілерге міндет болуы тиіс

        Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы.

Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан –ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Адамның қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұраларымыздың бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” — деген. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 7 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі боп саналады. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін барлық жағдайды жасаған. Мемлекеттік тіл әрдайым мемлекеттің қорғауында және оның қамқорлығында болады.Тілді үйренгісі келген әр азамат, мемлекеттік қызметшілер «Тілдерді дамыту» орталықтары арқылы тегін дәріс алып, тіл үйренуге мүмкіншілігі бар.  Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағы үшін қолынан келген көмегін    аямауы тиіс.         Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті.

Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік тілін меңгерумен қатар, іс қағаздарын мемлекеттік тілге толық көшіру – бүгінгі күннің өткір мәселесі, заман талабы. Әлемнің дамыған елдерінің қатарына кіруі де ел экономикасымен қатар, әлеуметтік мәселелерге, оның ішінде мемлекеттік тіл мәселесіне айрықша көңіл бөлуіміз қажет. Мемлекеттік қызметші болған соң,  мемлекеттік тілді білуді міндеттеген дұрыс деп санаймын. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік органда қызмет атқаратын болған соң және де мемлекет пен мемлекеттік тіл біртұтас ұғым болғаннан кейін әрбір мемлекеттік қызметші қазақ тілін білуі тиіс. Тек талап қойылған жерде, заң арқылы міндет белгіленген кезде бұл мәселе оңынан шешімін табады деп ойлаймын. Сондықтан мемлекеттік тілді білу Қазақстан Республикасы азаматының, соның ішінде мемлекеттік қызметшілер үшін міндет болуы тиіс. Қазақ тілін білмеу деген сөз мемлекеттік қызметшіге үлкен сын деп білемін. 

Біздің міндетіміз оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту, тілдің қолданылу аясын арттыруға күш салу. Мемлекеттік тілдің қолдану өрісін кеңейту өз қолымызда. Тіл саясаты – ұлт болашағы екенін ұмытпайық.

Қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық 

соты әкімшісінің басшысы                                                         

Анар Кайсанова

Жеткізу сәтсіз аяқталды: Алматы облысындағы колонияға тыйым салынған заттарды лақтыру әрекеті тоқтатылды

Алматы облысындағы №14 мекемеге тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің...

«Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасын – қолдау»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқитын ұлт болуға...

В Алматы продолжается работа по поддержке детей в рамках проекта «Социальная мастерская»

В Алматы в рамках проекта «Социальная мастерская» продолжается системная...

Алматыда «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында балаларға қолдау көрсету жұмыстары жалғасуда

Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға...

«ZEREN photo fest»: кәсіби фототілшілер ЕҰУ студенттеріне шеберлік сабағын өткізді

17–18 қазан күндері Зерендіде дәстүрлі «ZEREN photo fest» фотофестивалі...