Мемлекеттік тілді құрметтеу- парыз

Мемлекеттік тілді құрметтеу — әрбір азаматтың қасиетті парызы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі. Сондықтан оны білі,үйрену және күнделікті өмірде қолдану-елімізде тұратын әр адамның міндеті.

Қазақ тілі-халқымыздың рухани байлығы,мәдениеті мен тарихының айнасы. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы осы тіл арқылы өз ойларын жеткізіп, дәстүрлері мен салттарын ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырған. Тілді құрметтеу-өз ұлтыңды, өз еліңді құрметтеу деген сөз.

Мемлекеттік тілді дамыту тек мемлекетке ғана байланысты емес. Әрбір азамат қазақ тілін үйреніп,оны қоғамда кеңінен қолдануға үлес қосуы керек. Үйде, мектепте,қоғамдық орындарда қазақ тілінде сөйлесу арқылы біз оның мәртебесін көтереміз.

Сонымен қатар, мемлекеттік тілді құрметтеу-елдің бірлігін нығайтудың маңызды жолы. Ортақ тіл адамдарды жақындастырып, түсіністікті арттырады.

Қорытындылай келе, мемлекеттік тілді құрметтеу-бәріміздің борышымыз. Қазақ тілін қадірлеп,оны дамыту арқылы біз еліміздің болашағын нығайтып, ұлттық құндылықтарымызды сақтаймыз.

Рыскалиева Альбина Жаслановна

Орал қаласының №2 соты  әкімшісінің бас маманы

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

ЕҰУ жас ғалымдарға баспаналы болу мүмкіндігін сыйлады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) мен «Отбасы...