Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі қолданылуы

Қазіргі уақытта сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану аясы жыл өткен сайын артып келеді. Сонымен қатар мемлекеттік тілде сот ісін жүргізу мәселесі де күн тәртібінен түскен жоқ. Бұл біздің бір күндік немесе бір кезеңдік іс-шара ғана емес, тәуелсіздігіміз тұғырлы болу жолындағы негізгі бағыттардың бірегейі болуы тиіс. Сонда ғана діттеген межеге бұрын келеріміз анық. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі «барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігін әрқашан есте сақтауымыз керек.

Тіл қарым-қатынас құралы болуымен бірге оны тұтынушы халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, дүниетанымдық ерекшелігін, ұлттық болмысын, рухани-мәдени байлығын, сан ғасырларға созылған даму тарихын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, жеткізуші, жинақтаушы қызметін атқарады.
Осы қасиеттеріне сәйкес қазақ халқының ана тілі — қазақ тіліне мемлекеттік тіл ретінде басымдылық берілетінін негіздеген Ата заңымызбен, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы заң» және «Тілдерді қолдану мен дамыту туралы» 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес, қазақ тілі еліміздің бүкіл аймағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болуы тиіс. Алайда тіл туралы Заңда айдан анық айқындалғанымен, қазақ тілі мемлекеттік басқару тіліне айнала алмай келеді. Сондықтан да патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңыздағы мәселе — мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл — бұл Отан бастау алатын ту, елтаңба, әнұран секілді дәл сондай нышан. Ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс.

Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Өйткені тіл — біздің ана тіліміз — Туымыз, Ел таңбамыз, Ән ұранымызбен қатар біздің елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады. Мемлекет болған жерде оның мемлекеттік тілі болуы да керек. 

С.Б. Аршабекова, Алматы қаласы №2 Әуезов аудандық сотының судьясы

Почему Казахстану необходима реформа системы обязательного автострахования

Ежегодно в Казахстане происходят десятки тысяч дорожно-транспортных происшествий. Однако...

Тарихты тану жеткіліксіз…

Ол кезде 8-сыныптың оқушысы едім. Ұстаздарымыз бір топ оқушыны...

Аумақтан тыс соттылық – сот төрелігінің қолжетімділігіне бағытталған маңызды қадам

Соңғы жылдары елімізде сот жүйесін жаңғырту бағытында бірқатар маңызды...

2025-2026 театр маусымында еліміздегі қойылымдарды 2,8 миллионнан астам көрермен тамашалады

2025-2026 жылғы театр маусымы еліміздің театрлары үшін табысты аяқталды....

Қазақстан сары май мен күнбағыс майы өндірісін арттырып, сыртқы нарықтағы экспорттық әлеуетін нығайтуда

2026 жылғы қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда сары май...