Мемлекеттік тілдің мерейі үстем

Алаштың ардақты ұлы Халел Досмұхамедовтің: «Ана тілін біліп тұрып, жат тілде жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, жат тілде жақсы сөйлесең, бұл – күйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру – зор қате» деген мағынасы терең қанатты сөзі бар. Шынында да әр адам өзге тілдерді үйренбес бұрын, алдымен өзінің ана тілін жетік меңгергені дұрыс. Өйткені қазақ тілін дамытатын да, мәртебесін көтеретін де – өзіміз. Сондықтан бәріміз осы ұлттық дәстүр, ұлы мұрамыз алдындағы жауаптылықты басты орынға қойғанымыз пайдалы.

Әлемде қанша ұлт болса, сонша тіл бар. Бірақ, қолда барының бағасын біліп, қадіріне жетпеген елдің туған тілінен ажырауы оп-оңай. Бүгінде өзінің халқы қажетсінбеген көптеген тілдердің заман ағымына жұтылып, өлі тілдер қатарына қосылып жатқаны ешкімге жасырын емес. Данышпан бабамыз Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай «тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалатынын» кейбір елдер ескере бермейді. Алдымен тілінен, артынан ұлттық болмыс-бітімінен ажыраған мемлекеттердің қателігінен сабақ алу міндет.

Біздің мемлекетімізде тіл мемлекет халқын топтастыратын құндылықтың бірі саналады. Яғни, қазақ тілі Қазақстанды Отаным дейтін жүзден аса ұлт пен ұлыстың басын қосатын маңыздылыққа ие.  Қазақ тілінің биік мәртебесі 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында да сақталған. Конституцияның 9-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстанды Отаным дейтін, осы елдің тілін үйреніп, болашағын Қазақстанмен байланыстыруды көздейтін азаматтардың барлығы қазақ тіліне құрметпен қарап, дамуына барынша қолдау көрсетуі шарт.

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған жұмыстар да соңғы кездері жүйелі түрде жүргізіліп келеді. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының 4-бабында: «Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсін жүргiзу тiлi» деп бекітілген. Сонымен қатар соттардың күнделікті жұмысымен етене байланысты Азаматтық процестік, Қылмыстық-процестік, Әкімшілік рәсімдік-процестік және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерде сот ісі қазақ тілінде жүргізіледі деп анық көрсетілген. Тек қажеттілік, мәжбүрлік болған кезде ғана орыс тілі қазақ тілімен қатар қолданылады. Заңның осы талабын дұрыс түсініп, тәжірибеде дұрыс қолдану өте маңызды.

           Өкінішке қарай, әлі күнге дейін мемлекеттегі заңдардың 99%-ы әуелі орыс тілінде әзірленіп, кейіннен қазақ тіліне аударылады. Бізде қазақтілді мықты заңгерлер бар, заңдарды сауатты дайындауға көмектесетін ғалымдардан, сарапшылардан да кенде емеспіз. Тек осы заңшығармашылық ісін мемлекеттік тілде дамыту жағына әлі де жан-жақты көңіл бөлген жөн.

           Соттағы мемлекеттік тілді қолдануға жасалған мониторинг көптеген мәсеелердің бетін ашқаны рас. Мониторнг барысында белгілі болғандай, заңдардың қазақ тілінде әзірленбеуі, мемлекеттік тілдегі нұсқаларының түсініксіз, шұбалаңқы болуы кемшіліктің бастысы ғана. Осының салдарынан заңгерлер заңдардың орыс тіліндегі нұсқасына жиі жүгінуде. 

           Егемен ел болғалы қаншама жыл өтсе де заңгерлер мен адвокаттардың қазақ тілін үйренуге құлық танытпауы да үлкен мәселе. Оларға өз бетінше қазақша оқып, үйренгеннен гөрі, алдына келген адамға орысша шаблон беру жеңіл болып көрінеді.

           Мемлекеттік тілдің мерейін өсіріп, мәртебесін көтеру бір адамның қолынан келмесі белгілі. Тілімізді тұғырынан түсірмеу үшін бәріміз қазақ тілінде сөйлеп, күнделікті қызметті мемлекеттік тілде алып, заңдардың мемлекеттік тілде жазылуына мүдделілік танытуға тиіспіз. Сондай-ақ әр адам мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, қазақ тілінің қадірін арттыруға атсалысса нұр үстіне нұр болмақ.

Индира Абекова, Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының судьясы

В области Абай состоялась встреча освобождённого по Амнистии осуждённого с родным братом

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай состоялась...

Ценность каждого голоса 

24 августа 2026 года в Казахском национальном университете им....

Формирование культуры нетерпимости к коррупции

В настоящее время одной из главных угроз, препятствующих развитию...

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру

Қазіргі таңда кез келген мемлекеттің өркендеуіне, экономикалық тұрақтылығы мен...

Управление водными ресурсами

В вопросах международной политики Казахстана приоритет отдается сотрудничеству в...