Мемлекеттік тілдің маңызы

Тәуелсіздігіміздің басты белгісі — қазақ тілі кезінде әлемдік деңгейдегі ғалымдардың өзінмойындатқанына белгілі шығыстанушы-түрколог Платон Мелиоранскийдің  «Түркі тілдерінің ішінде ең байы қазақ тілі екенін бүкіл зерттеуші мойындаған» деуі дәлел. Сондай-ақ, француз ғалымы Жарри де Манси «Қазақ тілі — түркі тілдерінің ішіндегі ең бір таза тілдердің бірі» десе, әйгілі шығыстанушы-түрколог В.В.Радлов «Әлем тілдерінің ішінен тек үш тілдің ұлылығын мойындадым. Ол – орыс, француз және қазақ тілі» деген. Бұлар бекер айтылмаған, себебі, қазақ тілінің екі жарым миллионнан аса сөздік қоры бар.

Заманында дархан даланың дана билері ішкі-сыртқы дау-дамайды осы бай тілдің құдыретімен бітіріп отырған. Өкініштісі, біз осы байлықтан ажырап қалдық. Оның салдарынқазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мәселесінің жылдар бойы алдыңғы орыннан түспеуінен көруге болады. 

Барлық елдің тәуелсіздік алғаннан кейін ең бірінші мемлекеттік тілін нығайтуға басымдық бергенін тарих беттері байқатады. Мемлекеттік тілге құрмет әр адамның өзінен басталуы тиіс.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін күнделікті қарым-қатынас тіліне айналдыру деңгейіне жете алмай жатырмыз. Оның басты себебі, өзімізге байланысты, яғни, қазақ пен қазақ қазақша сөйлеспейді. Айтулы жиындардың басым көпшілігі әлі күнге дейін ресми тілде жүргізіледі. 

Нұқсан келтірілген құқығымыз бен бостандығымызды, заңды мүддемізді қорғау үшін соттарға ресми тілде жүгінгенді жөн көреміз. Соның салдарынан соттарға мемлекеттік тілде талап арыздар аз түседі.  

Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар аз емес. Іс қағаздары түгелдей қазақ тілінде жүргізіледі. Судьялар мемлекеттік тілдің маңызы туралы мақалалар жазып, телеарналарда, әлеуметтік желілерде сұхбаттар беруде. 

Тіл тағдыры бір адамның немесе қандай да бір саланың мәселесі емес, ол тұтастай елдің тағдыры. Мемлекеттік тілге деген құрмет отбасынан басталса, оның нәтижесі де жоғары болар еді. Олай дейтініміз, өсіп-өнген жерін, мемлекеттің тілін, заңын құрметтеуге кішкентайынантәрбиеленген адам сол тәрбиені айналасындағыларға үйретеді. 

Мемлекеттік тілді білу және сөйлеу өзге тілдерді меңгеруге кедергі болмайды. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп Қадыр ақын жырлағандай, әрбір адам туған тілін құрметтеуі тиіс. Қазақ тілінің қадірі  Қазақ елінде ғана артатынын ұмытпайық. Мемелекеттік тіл Қазақстан халқының  бірлігін бекемдеп, еркіндігін баянды ететін бірден-бірден құрал. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай «Бірінші – қазақ тілі болу керек. Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде». Әрбір қазақстандық осыны түсінуі керек.  

Мемлекеттік қызметте мемлекеттік тілге деген талапты күшейтудің маңызы зор. Мансаптық жолда өскісі келетіндерге тіл тұрғысында қатаң талап қойылса, мемлекеттік тілдің өркендетуде үлкен бетбұрыс жасар еді. 

Мұхит Мұқашев,

Маңғыстау облысының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Аумақтан тыс соттылық – сот төрелігінің қолжетімділігіне бағытталған маңызды қадам

Соңғы жылдары елімізде сот жүйесін жаңғырту бағытында бірқатар маңызды...

2025-2026 театр маусымында еліміздегі қойылымдарды 2,8 миллионнан астам көрермен тамашалады

2025-2026 жылғы театр маусымы еліміздің театрлары үшін табысты аяқталды....

Қазақстан сары май мен күнбағыс майы өндірісін арттырып, сыртқы нарықтағы экспорттық әлеуетін нығайтуда

2026 жылғы қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда сары май...

Условно-досрочное освобождение в Республике Казахстан: текущее состояние, проблемы и пути развития

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...

Принцип гласности в уголовном процессе Республики Казахстан: проблемы реализации и пути совершенствования

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...