Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру – басты міндет

2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПК) қолданысқа енгізіліп, сонымен қатар Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты өз жұмысын бастады.
Әкімшілік сот өндірісінің басты ерекшелігі – әкімшілік істің шағым негізінде қозғалуы. Яғни, азаматтар мен заңды тұлғалардың берген шағымын тіркеу әкімшілік істі қозғауға негіз болып табылады. Бұл ретте азаматтар мен заңды тұлғалар талап қоюшы ретінде танылады.

Сотта мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және қазақ тілін насихаттау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.
2021 жылы сотқа жалпы 910 әкімшілік іс түссе, оның 346-сы қазақ тілінде, 564-і орыс тілінде қаралған.

2022 жылы сотқа 1688 іс түсіп, оның 635-і қазақ тілінде, 1053-і орыс тілінде жүргізілген.
2023 жылы жалпы 1663 әкімшілік іс түсіп, оның 611-і мемлекеттік тілде, 1052-сі орыс тілінде қаралған. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында 2023 жылдың екінші жартыжылдығында 6 мақала жарияланған.
2024 жылы сотқа барлығы 2021 іс түсіп, оның 675-і қазақ тілінде, 1446-сы орыс тілінде қаралған. Судьялардың алдын ала тыңдау барысында жүргізген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 8 іс орыс тілінен қазақ тіліне ауыстырылған. Сонымен бірге, мемлекеттік тілді дәріптеу бағытында 11 мақала жарық көрген.
2025 жылы сот өндірісіне жалпы 1808 іс түсіп, оның 670-і қазақ тілінде, 1138-і орыс тілінде қаралған. Алдын ала тыңдау барысында судьялардың белсенді ұстанымының арқасында 56 іс орыс тілінен қазақ тіліне ауыстырылды. Сондай-ақ, мемлекеттік тілді насихаттау аясында 11 мақала жарияланған.
2026 жылдың алғашқы бес айында сотқа 842 әкімшілік іс түсіп, оның 273-і қазақ тілінде, 569-ы орыс тілінде қаралған. Судьялардың түсіндіру жұмыстары нәтижесінде 12 іс қазақ тіліне ауыстырылып, мемлекеттік тілді қолдау мақсатында 4 мақала жарық көрді.
Жалпы, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, сот ісін жүргізуде қазақ тілінің мәртебесін арттыру және қоғамда мемлекеттік тілге деген құрметті нығайту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...