12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту

«Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл — қазақ тілі болып табылады, осыған орай мемлекеттік тілдің дамуының көрсеткішінің бірі қазақ тілін қолдану аясын кеңейту әрбір азаматтың борышы екені белгілі. Қазақ тілінің дамуы мен сақталуы — еліміздің әрбір азаматының міндеті. Сот жүйесінде сот ісін жүргізу тілінің конституциялық қағидаты сақталады, құқықтық кепілдіктері және Республикада қолданылатын барлық тілдерге құрметпен қарау қамтамасыз етілген.                                     Мемлекеттік органдар арасында хат алмасу Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заңының 4-бабына сәйкес, мемлекеттік тілде жүргізілуі керек.

Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында алға қойылған қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде рөлін күшейтіп, оны ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру тапсырмасын орындау мақсатында және мемлекеттік тілді дамытудың бағдарламаларына байланысты бүгінде сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің қолданыс аясы ұдайы назарда.

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің дамуының маңыздылығы бүгінгі таңда еліміздің негізгі басымдығы болып отыр. Сол себепті қылмыстық істер бойынша істер мен арыздар, хабарламалар, сұраныс хаттар, өтініштер, талап-тілектер және т.б. маңызды құжаттар мемлекеттік тілде жолдануда.              

2025 жылдың 11 айда соттың өндірісіне жалпы 4128 кіріс құжаттары келіп түскен, оның ішінде мемлекеттік тілде 3644 құжат келіп түскен, яғни, бұл 88,8  пайызды құрайды. Шығыс құжаттарының жалпы саны 4136 оның ішінде мемлекеттік тілдегі құжаттар 3981, яғни 96,25  пайыз. Ішкі құжаттардың жалпы саны 313, оның барлығы мемлекеттік тілдегі құжаттар, яғни 100 пайыз. Көрсетілген мерзімде 115 қылмыстық істер қаралған, оның ішінде мемлекеттік тілде 84 іс, ол 73 пайызды құраған.

Қазіргі таңда сот жүйесінде мемлекеттік мекемелер арасындағы хат алмасу, қолданыстағы электрондық құжат айналымға қатысты бағдармалардың барлығы мемлекеттік тілде жүргізіледі. Бұл да мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуіне үлкен үлесін тигізіп отыр.

Іс бойынша тараптар мемлекеттік тілді мүлдем білмеген жағдайда немесе өзге ұлт өкілі болса ғана қазақ тіліндегі хатпен бірге ресми тілде қосымша хат жолдануда.                                                                                                                      

Іс қағаздардың, ілеспе хаттардың, арыздардың және де басқа да құжаттардың мемлекеттік тілде әзірленуі кезіндегі грамматикалық, орфографиялық және стилистикалық қателерге жол берілмеуі, сонымен қатар аударудың ерекшеліктері мен құжаттарды рәсімдеу сияқты іс жүргізудің негізгі мәселелері өте маңызды болып табылады. Іс қағаздарымен жұмыс атқарғанда осы ерекшеліктерге назар аудару қажет. Кіріс, шығыс, ішкі құжаттардың мемлекеттік тілдегі көрсеткішін арттыру мақсатында осы бағыттағы жұмысты  жалғастыру өте маңызды.

Құралай Назарқұлова, Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің басшысы

Кәмлетке толмағандарды девиантты мінез-құлқы бар арнайы білім беру ұйымына жіберу

Қазіргі қоғамда кәмелетке толмағандардың мінез-құлықтағы ауытқушылықтары (девиация) – әлеуметтік...

«Е-өтініш» ақпараттық жүйесі базасында жеке тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру

         2019 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым‑Жомарт Тоқаев...

Развитиелогистики и трансграничных хабов

Министр торговли и интеграции Арман Шаккалиев сообщил, что запуск...

Казахстан разработал Концепцию управления всеми видами отходов на 2026–2030 годы

Вице-министр экологии и природных ресурсов РК Жомарт Алиев на...

Во имя будущего страны

Управление образования г. Алматы посвятило очередное расширенное заседание актуальным...