Мемлекеттік тілде сөйлеу – елдіктің белгісі

Тіл – халықтың жаны, ұлттың айнасы. Әрбір мемлекеттің тәуелсіздігі мен тұтастығы ең алдымен оның мемлекеттік тілінің қолданылу аясынан көрінеді. Сондықтан қазақ тілінде сөйлеу – елдік пен бірліктің айқын белгісі.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Бұл мәртебе тек қазақ халқы үшін ғана емес, елімізде өмір сүріп жатқан барша ұлт пен ұлыс үшін ортақ. Мемлекеттік тілді білу – Қазақстан азаматының парызы, елге деген құрметінің көрінісі.

Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді дамытуға мемлекет тарапынан да, қоғам тарапынан да үлкен қолдау көрсетілуде. Мектептерде, балабақшаларда қазақ тілін оқыту жүйелі жолға қойылып, түрлі бағдарламалар іске асырылуда. Дегенмен, тілдің дамуы тек мемлекеттік саясатқа ғана емес, әр азаматтың саналы ұстанымына байланысты. Әрбір қазақстандық күнделікті өмірінде қазақ тілінде сөйлесе, ол – нағыз елжандылықтың көрінісі болмақ.

Өзге тілдерді меңгеру – артықшылық. Бірақ өз тіліңді білмей, өзгенің тілін қадірлеу мүмкін емес. Қазақ тілін білу арқылы біз ата-баба мұрасын сақтаймыз, ұлттық болмысымызды жоғалтпаймыз.

Қорытындылай айтқанда, мемлекеттік тілде сөйлеу – бұл тек қарым-қатынас құралы емес, ол – елдіктің, намыстың, рухтың белгісі. Әр азамат қазақ тілін құрметтеп, қолдана білсе, бұл – еліміздің жарқын болашағына қосқан үлкен үлес.

Қармақшы аудандық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Т.Әмір

«Кемел Тоқаев» ордені: Қайрат Закирьянов ерекше марапатқа ие болды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт...

Тұңғыш Президент саябағында Наурызды бірге қарсы алайық!

Алматы қаласының тұрғындарымен қонақтары, сіздерді 21-ші Наурыз 13:00-де Бостандық...

Казахстан обошёл Францию и Сингапур в мировом рейтинге счастья 

Страна показала высокие результаты в доверии и взаимопомощи. Казахстан занял...

Қазақстан Франция мен Сингапурды басып озып, әлемдік бақыт рейтингінде алға шықты

Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға тұрақтап, Францияны...

Әдеп жөніңдегі уәкілдің профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 18 наурыз айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...