Мемлекеттік тілде іс жүргізуде ұстанатын бағыттар

       Мемлекеттік тіл қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

       Соның ішінде қызметтік жұмыста кеңінен қолданылатындар: сұраныс хат, ұсыныс хат, баяндау хат, ресми хат, ақпарат хат және тағы басқа. Мекемелер арасында байланысып, ақпарат алмасу мақсатында жазылатын қызметтік хаттың өзіне тән кеңселік, күнделікті қолданылатын сөз тіркестерінен құралады. Оның мәтіні нақты, қысқа жазылса да, жетік түсінікті болуы керек.

    Сондықтан қызметте мемлекеттік тілде сала бойынша қызметкердің сөздік қоры жетік болуы жұмыс сапасын жоғарлатады. 

     Сонымен қатар мемлекеттік тілде қолданылатын өздерінің термин сөздері де бар. Кеңседе көбіне типтік формадағы, яғни, мәтіні қалыптасқан, үлгімен көрсетілген  іс қағаздар, мысалы: өтініш, арыз және тағы басқа.

    Ал, енді мемлекеттік тілде қағаз жүзінде іс жүргізуден басқа мекемеге ауызша сұрақ қойып келген адамдамен қатынаста қызметкер белгілі қызметтік бағытта қолданылатын сөздік қор арқылы жауап қайтарады. Бұл дегеніміз қызметкерлердің сөйлеу қарым қатынасы да белгілі тәртіптілікпен жүргізіледі. Ол дегеніміз –қысқа, нақты, түсінікті жеткізу.

    Тіліміз сөзге бай, сондықтан оның бағыттарға бөліп, өз орнымен қолдануға молынан жетерлік. Ол үшін білімділікті күнделікті арттырып, сөз қоржынын толықтырып отыру қажет.

     Мемлекеттік тілде қатесіз, сауатты жақсы жазылған хат –міндетті түрде мекеменің де, сол мекемеде жұмыс жасайтын имиджін де жоғары дәрежеге жеткізеді.

                                Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың

                        істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының   

                            бас маманы М. Ерназарова

ӘДІЛЕТ ЖОЛЫНДАҒЫ ОТЫЗ ЖЫЛ

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдығына орай Сот жүйесі –...

Честность, профессионализм и ответственность – основа государственной службы

В Ауэзовском районе Алматы состоялась встреча с государственными служащими,...

Адалдық, кәсібилік және жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі

Алматы қаласының Әуезов ауданында мемлекеттік қызмет, қызметтік әдеп және...

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан, ұлттық...

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде...