12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ-ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ НЕГІЗГІ ҚАЗЫҒЫНЫҢ БІРІ

Тіл ұлтпен — ұлтты татуластыратын ерекше қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-біріне қатынаса алады. Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттардың да өткеніне үңіліп, бүгінгісін бажалап, болашағын бағдарлауға жол ашты. Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де «батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртында қалдырмай, шыбындыға алдырмай», барлық жиған тіл байлығын, күй мен жырын бізге жеткізді.
Еліміз өз егеменгдігін алып, іргесін кеңге жайған замандамыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді «Қазақ мемлекеті»- деп атайтын боламыз деген Елбасымыздың салиқалы сөзі еріксіз ойға оралады.
Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын бекітіп, қанатын қатайтты. Тілдің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сіз бен біздің қолымызда.
«Ұлттың сақталуына да, жойылуынада себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы тіл.
Отбасы өзіміз де Отанымыз Қазақстан…
Тіл меңгеруде, өз тілінде еркін сөйлеуде ата-ананың да рөлі ерекше. Әр ата-ана ананың ақ сүтінен дарыған тілін үйретуді қолға алса, бұл тілдің ешқандай қиындығы жоқ. Ана тілін — білмеген ақылы жоқ желік бас. Ана тілін — сүймеген халқын сүйіп жарытпас деген сөзде де терең мағына жатыр емес пе! Кей мекемелерде қазақ пен қазақ, әке мен бала, ұстаз бен шәкірт қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге қонымсыз-ақ. Алдына ел болу өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз…
Тіл тазалығы дейтініміз — ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау -деп Ахмет Байтұрсынұлы меңзеген еді. Ана тілі — халық болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.
Ана тілі қанның, қиылған жанның, толқытқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек. Бірақ қазақ тілі — тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл ортақ тіліміз екенін ұмытпағанымыз жөн болар. Қазақстанда тұратын оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтарының тілі. «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде» деген Елбасымыздың сөзін есте сақтағанымыз дұрыс болар. Қазақ тілі өте бай, орамды, көркем тіл. Тіл арқылы өнер білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды сол тіл арқылы үйренеді. Халық өзінің ғасырлар бойы жасаған асыл мұраларын ұрпақтан ұрпаққа алдымен ана тілі арқылы табыс етеді. Сондықтан ана тілін білмей, ұлттық мәдениетті жете меңгеру мүмкін емес. Қазіргі жаңартылған бағдарлама талабына қарай үш тілдікті алға қойып отыр. Әрине, әр тілді меңгеру, әр тілде сөйлеу әркімнің арманы. Жеті түрлі ілім біл, жеті елдің тілін біл деген. Біздің мектебіміз аралас мектеп болса да мемлекеттік тілге деген құрмет өте жоғары. Оның дәлелі «Мың бала» жобасы бойынша арнайы жоспар құрылып, өзге тілді өкілдеріне насихаттаумен бірге әр түрлі сайыстар өткізіп тұрады.«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты тіл үйірмесі жұмыс жасайды. Біздің мақсатымыз өзгенің байлығы, сұлулығы және икемдігі жағынан дүние жүзіндегі озық тілдермен теңдесе алатын ана тіліміз бар екенін ұмытпау болып табылады. Үш тілдік деп жүріп, ана тілімізден айырылып қалмасақ еді. Тіл туралы заңымыздың қағаз жүзінде қалмай, өмірінде нық қадам басып, ғұмыры ұзақ болуы үшін күресе білейік те намысты қолдан бермейік!

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының аға сот приставы С.Байдыбеков

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...