Мемлекеттік тіл – тәуелсіз елдің негізгі қазығы

Тәуелсіздік – кез келген халықтың ең асыл мұраты. Егемен ел болудың басты белгілерінің бірі – мемлекеттік тілдің мәртебесі мен қолданыс аясының кеңдігі. Тіл – ұлттың жаны, рухани тірегі, тарихи жады. Сондықтан мемлекеттік тілдің дамуы – тек мәдени мәселе ғана емес, елдің тұтастығы мен болашағына қатысты стратегиялық міндет.

Қазақстан үшін мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Ол – ғасырлар бойы қалыптасқан бай мұраның, салт-дәстүрдің, ұлттық дүниетанымның айнасы. Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде айқындалған. Бұл – тілдің қоғам өмірінің барлық саласында қолданылуына құқықтық негіз береді.

Күнделікті қызмет барысында мемлекеттік тілдің маңызы ерекше сезіледі. Заң талаптарын жүзеге асыру, азаматтардың құқықтарын қорғау, әділ шешім қабылдау – барлығы да түсінікті әрі сауатты тілде жүргізілгенде ғана өз нәтижесін береді. Азамат мемлекеттік органдарға жүгінгенде өзінің ойын еркін жеткізіп, қабылданған шешімді толық түсініп шығуы тиіс. Бұл – құқықтық мемлекеттің басты қағидаларының бірі.

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі орны ерекше. Құқықтық құжаттардың, сот актілерінің, іс жүргізу материалдарының мемлекеттік тілде дайындалуы – заң талабы ғана емес, тәуелсіздіктің айқын көрінісі. Тілге құрмет – елге құрмет. Егер біз өз тілімізде ресми құжаттар сөйлесе, онда мемлекетіміздің іргесі де берік болмақ.

Қорыта айтқанда, мемлекеттік тіл – тәуелсіз елдің негізгі қазығы. Ол – бірліктің, тұрақтылықтың, әділдіктің тірегі. Біз мемлекеттік тілді дамыту арқылы мемлекетіміздің іргесін нығайтамыз, келешек ұрпаққа берік ел қалдырамыз. Тілді құрметтеу – әр азаматтың конституциялық әрі азаматтық борышы.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.У.Капарбекова

Қазыбек Иса: Теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салатын уақыт келді

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Бас прокурор...

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...