spot_img
spot_img

Мемлекеттік тіл – сот жүйесінің тірегі

   Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Бұл мәртебе еліміздің негізгі Заңымен, яғни Конституциямен бекітілген. Мемлекеттік тілдің дамуы мен оның қолданылу аясын кеңейту – бұл тек тіл саясатына жауапты органдардың ғана емес, барлық сала мамандарының ортақ міндеті. Әсіресе, бұл жауапкершілік мемлекеттік қызмет саласында, соның ішінде сот жүйесінде қызмет атқаратын мамандарға ерекше жүктеледі.

Мемлекеттік тіл – әділет жолындағы басты құрал. Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуы – азаматтардың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етудің бір тетігі. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңында да әр азаматтың сотта өз ана тілінде сөйлеуге және құжаттарды өз тілінде ұсынуға құқығы бар екені айқын жазылған. Бұл құқықтың шынайы жүзеге асуы – сот қызметкерлерінің кәсіби әрі тілдік дайындығына тікелей байланысты.

Соңғы жылдары елімізде мемлекеттік тілді дамыту бойынша бірқатар оң өзгерістер орын алуда. Әсіресе сот жүйесінде бұл мәселе назардан тыс қалмай отыр. Мысалы:

 • Іс жүргізу құжаттарының көпшілігі мемлекеттік тілде толтырылады;

 • Құжат айналымының, мәлімет алмасудың электронды жүйелерінде қазақ тілінің үлесі артуда;

 • Сот процестерін қазақ тілінде жүргізуге сұраныс көбейіп келеді;

 • Мемлекеттік тілде сөйлейтін судьялар мен сот мамандарына қойылатын талаптар күшейтіліп отыр.

Мемлекеттік тіл – халыққа жақын соттың кепілі.Мемлекеттік тілде сөйлейтін, халықпен қазақ тілінде еркін тілдесе алатын сот – бұл әділдікке сенім артар басты институт бола алады. Өйткені азамат өз тілінде сөйлеген соттан қорықпайды, қайта оған сеніммен қарайды. Тіл – тек қатынас құралы емес, ол – сенімнің көпірі. Осы тұрғыдан алғанда, мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі орны тек ресми талап емес, бұл – халық пен сот арасындағы байланыстың негізі.

Мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану аясын кеңейту – бұл уақыт күттірмейтін, ұлттың болашағына бағытталған маңызды қадам. Біз, сот мамандары, осы жолда жауапкершілікпен еңбек етіп, мемлекеттік тілдің сот саласында нақты қолданыста болуына бар күшімізді жұмсауға дайынбыз. Мемлекеттік тілдің сот төрелігін жүзеге асыруда жетекші орын алуы – әділдік пен заң үстемдігінің кепілі болмақ.

                                                      Ұлытау облыстық сотының бас маманы 

                                                      Д.Б.Балгожина

Заң мен тәртіпті сақтау — жалпыға ортақ міндет

Заңның үстемдік құруы барлық мемлекет үшін басты құндылық саналады. ...

Кәсіпкер егіз қыздардың жұбын жазбай, арман мектебіне бірге оқуға түсуге көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында...

АҚШ-тың үздік жақ-бет реконструктивті-пластикалық хирургтары Алматыда балаларға ота жасайды

Алматыда Қазақстандағы Америка Сауда Палатасының (AmCham) гуманитарлық медициналық миссия...

Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың...