Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі орны ерекше. Қазақстан Республикасы Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік тіл – қазақ тілі болып табылады. Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану заң талаптарын орындаумен қатар, азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауға және сот төрелігінің қолжетімділігін арттыруға қызмет етеді.
Қылмыстық процесте іс жүргізу тілі барлық қатысушыларға түсінікті болуы тиіс. Мемлекеттік тілді еркін меңгермейтін тұлғаларға аудармашының көмегі қамтамасыз етіледі, бұл олардың қорғану және әділ сот талқылауына қатысу құқықтарын сақтаудың маңызды кепілі болып саналады.
Мемлекеттік тілде сапалы процессуалдық құжаттарды әзірлеу, сот отырыстарын жүргізу және сот актілерін шығару құқық қолдану тәжірибесінің бірізділігін қалыптастыруға және мемлекеттік тілдің құқықтық мәртебесін нығайтуға ықпал етеді.
Мемлекеттік тілді сот төрелігінде кеңінен қолдану – заң үстемдігін қамтамасыз етудің, азаматтардың сотқа деген сенімін арттырудың және құқықтық мәдениетті дамытудың маңызды бағыты болып табылады.
Нұрлан Дауылбаев,
Тараз қаласы
№2 сотының судьясы


