spot_img
spot_img

Мемлекеттік тіл – мерейің

Елдің тәуелсіздігін айтқындайтын басты символы – туы, әнұраны, елтаңбасы. Осы мемлекеттік рәміздердің қатарына мемлекеттік тілді де қосу маңызды. Себебі, тілсіз ұлт жоқ, тәуелсіз мемлекеттің де темірқазығы – тіл.
Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілген. Сонымен қатар, еліміздің Азаматтық процестік кодексінде, Қылмыстық процестік кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде сот істерінің қазақ тілінде жүргізілетіндігі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған кезде басқа да тілдер қолданылатыны нақтыланған. Яғни, біздің елімізде азаматтардың сотқа қай тілде шағым беретініне қатысты қандай да бір шектеу жоқ. Бірақ, әрбір азамат мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосуы керек. Бұл жазылмаған заңдылық. Мұндай қағиданы сотқа арыз-шағым бергенде де ескеру керек.
Өкінішке қарай, қылмыстық істердің көпшілігі орыс тілінде қаралады. Бұған тергеу органдарының қылмыстық істерді орыс тілінде рәсімдеп, жүргізуі түрткі болуда. Сонымен қатар, айыпталушылардың адвокаттары да, жәбірленушілерге көмегін ұсынатын адвокаттар да көбінесе өзі жетік білетін тілде арыз жазып, істің орыс тілінде қаралуына түрткі болып жатады.
Айталық, Ішкі істер органы мен прокуратура қызметкерлері қылмыстық істерді орыс тілінде рәсімдеудің жеңіл екенін, ал қазақ тілінде құжаттарды жүйелеу қиындық келтіретінін алға тартады. Әрине, дайын үлгіге тек керекті мәліметтерді енгізе отырып істерді рәсімдеудің оңтайлы екені рас. Дегенмен, бұл жерде мемлекеттік тілге деген жанашырлық, қазақ тілін қолдануға деген ынта бірінші орында тұруы керек емес пе?
Басқа салада қызмет етіп жүрген азаматтардың тіл таңдауға құзыры болғанымен, мемлекеттік қызметкерлер ең алдымен мемлекетке, мемлекеттік тілді дамытуға қызмет ететінін ешқашан есінен шығармауы тиіс. Егер мемлекеттік қызметтегі азаматтар құжаттарды толықтай қазақ тілінде дайындаған жағдайда соттағы мемлекеттік тілдің үлесі де қазіргіден әлдеқайда жоғары болары анық.
Мұндай кемшілік адвокаттар арасында да жиі орын алады. Қорғаушылар бір тілде, қорғауындағы азаматтар бір тілде сөйлейтін кездер аз емес. Қарапайым халықтың адвокаттың білімі мен көмегіне сеніп, арыздың қай тілде жазылғанына көңіл бөлмейтіні тағы рас. Осы теріс көзқарасты өзгерткен жағдайда қазақ тілінің қолданысы кеңейері күмәнсіз.
Әрине, сот саласы мемлекеттік тілдің мерейін өсіру үшін барлық жағдайды жасап жатыр. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында барлық құжаттар мемлекеттік тілде дайындалып, кіріс-шығыс хаттарға мемлекеттік тілде жауап қайтарылады. Судьялар мен сот мамандарының мемлекеттік тілдегі білім-білігін жетілдіруге көп мән беріледі. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді.

Алена Суюндикова,
Алматы қаласы
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Әкімшісінің басшысы

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...