Мемлекеттік тіл мәртебесі – ортақ жауапкершілігіміз

Әр адамзатқа патриоттық сезімді ұялататын бірден-бір құрал ол мемлекеттік тіл болып табылады. Өйткені мемлекеттік тіл — елдің халқын, бірнеше ұлттың басын қосады, біріктіреді, ортақ істерге жұмылдырады.

Ата Заңымыз Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына және Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілі – қазақ тілі екені мәлім.

Жалпы, өз көзқарасым, әр адамның отанға, жеріне деген патриоттық сезімін, азаматтық қасиетін оның өз Ана тілін қандай деңгейде білуіне, тілге деген құрметіне қарап тануға болады, яғни тілін қаншалықты құрметтесе патриоттық сезімі де сол деңгейде деген сөз.

Әсіресе, қазіргі таңда сот саласында мемлекеттік тіліміздің деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің біріне айналып, қатаң бақылауға алынып отыр. Бұл өте қуантарлық жағдай. Өйткені, еліміздің егемендігін алғалы міне 30 жылдан астам уақыт өтсе де тіл мәселесі әлі де жақсы көрсеткішті қалап отыр.

Мәселен, сот саласындағы құжат айналымы бойынша мемлекеттік тіліндегі үлесін анықтау мақсатында кіріс, шығыс, ішкі құжаттар бойынша соттармен мониторинг пен талдаулар ай сайын жасалынып, есеп беріледі. Мәселен, статистикаға сәйкес, Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылдың 12 айында кіріс құжатының мемлекеттік тіліндегі үлесі 58%-ын ғана құраған, бұл көрсеткіш әрине көп емес, яғни кіріс құжаттың 42%-ға жуығы ресми тілінде деген сөз.

Айта келе, әлемдегі барлық өркениетті, дамыған елдердегідей еліміздің мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда қызмет істейтін қызметкерлердің барлығы мемлекеттік тілді білуге міндетті деп санаймын. Онсыз ол мемлекеттік тіл болып есептелмесі анық.

Тақырыпқа сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілді дамыту саясатын қолдай отырып, Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен мемлекеттік тілді жандандыру, тұғыры мен мәртебесін көтеру, мақсатында басқа да органдардың, мекемелердің қатысуымен іс-шаралар өткізіліп, сот қызметшілерінің және баспасөз қызметінің мемлекеттік тіл тақырыбында мақалалары БАҚ-нда жарияланып тұрады. Бұл өз кезегінде құжат айналымындағы мемлекеттік тіліндегі үлесінің көрсеткішін көбейтуіне ықпалын тигізеді деген ойдамын.

Жалпы, мемлекеттік тілдің тұғыры мен мәртебесін көтеру өз қолымызда және біздің ортақ жауапкершілігіміз деп білемін.

Мемлекеттік тіл – бүкіл қазақстандықтардың тілі, бәрімізге ортақ тіл. Тіл – халықтың рухани және мәдени байлығының дамуының құралы екенін ескере отырып, қазақ тілі — еліміздің барлық азаматтарын топтастырудың мықты іргетасы болатынына және мемлекеттік тілдің болашағы зор екеніне сенімдімін.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Қаракөз Сәрсенбайқызы Тілемісова.

Жеткізу сәтсіз аяқталды: Алматы облысындағы колонияға тыйым салынған заттарды лақтыру әрекеті тоқтатылды

Алматы облысындағы №14 мекемеге тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің...

«Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасын – қолдау»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқитын ұлт болуға...

В Алматы продолжается работа по поддержке детей в рамках проекта «Социальная мастерская»

В Алматы в рамках проекта «Социальная мастерская» продолжается системная...

Алматыда «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында балаларға қолдау көрсету жұмыстары жалғасуда

Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға...

«ZEREN photo fest»: кәсіби фототілшілер ЕҰУ студенттеріне шеберлік сабағын өткізді

17–18 қазан күндері Зерендіде дәстүрлі «ZEREN photo fest» фотофестивалі...