“Мемлекеттік тіл мәртебесі”

«Қазақ тілі – аса бай тіл, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрамын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады-ау. Бұл тілден май тамады десе де сияр. Халықтың тіліне, жырына құлақ салсаң небір алуа шекер балдай татитын нәріне, әрине әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне… Осындай әрі сұлу, әрі бай тілді қалай өгейсітуге болады…» Иә, кезінде қазақтың біртуар қайраткерлерінің бірі осылай толғаған еді.. Сол ағалар бірнеше жылдан соң мемлекеттік тіл дәрежесіне дейін көтерілетін туған тілінің мәртебесін көтеру мәселесі күн тәртібінде тұратынын сезді ме екен?! Сезген де болуы ғажап емес. Жалпы тіл тарихына көз жіберсек… Жер бетіндегі 6 мыңға жуық тілдің 100-­і ғана мемлекеттік деген статусқа ие екен. Соның бірі 1989 жылы «Тіл туралы» заң қабылданғаннан бері мемлекеттік тіл дәрежесін иеленген біздің ана тіліміз­ — қазақ тілі. Бұл­ — егемендік алғаннан кейінгі халқымыздың қол жеткізген үлкен жеңістерінің бірі еді. Мемлекеттік тіл­ — мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл. Сондықтан сол мемлекетте жүргізілетін барлық іс­-қағаздар мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Ата заңымыздың 7-­бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл -­ қазақ тілі» деп көрсетілген. Десек те осы мемлекеттік тілдің тағдыры – барша саналы қазақ азаматтарын толғандырып, кейде тіпті қынжылтып жүрген мәселе екені жасырын емес. Соның ішінде әсіресе мемлекеттік қызметкер ана тілінде сөйлеп, сауатты жаза білуге, өзге ұлт өкілдеріне үлгі­-өнеге болуы тиіс еді. Алайда тіліміздің мәртебесі керемет, шырқау биікте тұр деп айта алмаймын. Бұл жерде мәселе – қазақ тілінің мәртебесін мойындаса да күнделікті тіршілікте ресми тілді пайдаланатын саясат, билік, бизнес, мемлекеттік қызмет салаларындағы орыс тілді азаматтардың мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге деген ынталарының жоқтығында. Бұл жағдай «орыстілділер мемлекеттік тілді түсінбейді, соларға түсінікті болу үшін…» дейтін аурумен ауыратындар да бар. Өзіме еңбек етіп жүрген салам білім саласының өзінде осындай жағдайлар бірнеше рет кездесті. Кейбір республикалық деңгейде ұйымдастырылатын семинарлардың, курстардың ақпараттық хаттары мекемеге мемлекеттік тілде келгенмен, барған кезде қатысушылардың жартысынан көбі мемлекеттік тілді түсінетіндер болса да, қазақ тілінде басталып, орыс тілінде жалғасып кететінің куәсі болып жүрміз.
Тіл деген – алып мұхит түбі терең, Піспегі толқын шашқан күні ерен. Қадірін тілдің сұра, сақаулардан Көзіне жас алып бір күбірлеген. Тіл деген – жарық жұлдыз аспандағы Арманның қиял жетпес баспалдағы. Қадірін тілдің сұра мылқаулардан, Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы. Тіл деген адастырмас темірқазық Өрісі магнитінің өмірге азық. Қадірін тілдің сұра кереңдерден Сөйлеуді арман еткен көңіл жазып, деген өлең жолдарының мән-­мағынасын ұғынғандар мемлекеттік тілдің мәртебесін ойсыратпасы анық. Қаймағы бұзылмаған осынау ана тілімді орынды пайдаланбай, қаспақ түбін қырғыштап, шүлдірлеп жүргендер, ана тілінің тірлік үшін, мемлекеттік тілдің бірлік үшін қажет екенін де есте сақтағаны жөн. Тіл тағдыры ел тағ­дыры екенін ешуақытта ұмытпайық!

Шымкент қаласының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының жетекші маманы

Нұрғалиұлы Нұрсұлтан

Қайрат Закирьянов: Қазақстанның басты байлығы — мұнай емес, ақыл-ой

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуының жаңа моделіне қатыстыайтқан бастамалары қоғам алдында жаңа міндеттер қойып отыр. Мемлекет басшысының «Қазақстанныңбасты байлығы – мұнай емес, ақыл-ой. Адами капитал ел дамуының негізгі ресурсына айналуы тиіс» дегенсөзі ел болашағының басты бағытын айқындайтын маңызды ұстанымға айналуы керек. Бұл пікірді Қазақспорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов та қолдап, аталған идеяны жүзегеасыруда білім, ғылым, спорт және тәрбие салаларының рөліне ерекше назар аударды. Қайрат Закирьяновтың пайымдауынша, ХХІ ғасырдағы Қазақстанның басты мақсаты – Ұлы даланыңмыңжылдық тарихы мен бай мұрасына сүйене отырып, әлемдегі ең қуатты он экономиканың қатарынақосылу. Алайда мұндай биік мақсатқа тек табиғи ресурстардың арқасында жету мүмкін емес. Ол үшін еңалдымен білімді, дені сау, рухы мықты, бәсекеге қабілетті және отаншыл ұрпақ қалыптастыру қажет. Академия президенті ұлттық идеяны қалыптастыруда әлемдік тәжірибеге де назар аударады. Мәселен,өткен ғасырдың 30-жылдарында АҚШ президенті Франклин Рузвельт елдің экономикалық қуатынарттыруды ұлттық мақсат деңгейіне көтерді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония «Жапониядажасалған дүниенің бәрі ең жоғары сапалы болуы тиіс» деген қағиданы басшылыққа алып, сапа ментехнологиялық дамуды мемлекеттік басымдыққа айналдырды. Бұл мысалдар нақты ұлттық мақсат пеноған деген қоғамдық жауапкершіліктің ел дамуына серпін беретінін көрсетеді. Қазақстанның да өзіндік ұлттық идеясы бар. Тәуелсіздік жылдарында ел бірлігі, қоғамдық келісім менортақ құндылықтар мемлекеттіліктің берік негізіне айналды. Ендігі міндет – осы жетістіктерді жаңадәуірдің талаптарына сай дамытып, адами капиталды ұлттық дамудың басты қозғаушы күшінеайналдыру. «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044»: жаңа стратегиялық бағдар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға басымдық беру жөніндегі ұстанымын қолдайотырып, Қазақ спорт және туризм академиясы да өз алдына ауқымды мақсат қойып отыр. Академияның Ғылыми кеңесінде «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044» атты стратегиялықбағдарлама бекітілді. Оның негізгі мақсаты – Қазақ спорт және туризм академиясын әлемдегі жетекшіспорттық жоғары оқу орындарының қатарына қосу. Қайрат Закирьяновтың пікірінше, Академияның 100 жылдық мерейтойына қарай халықаралық деңгейдетанылған, білім беру сапасы, ғылыми зерттеулері, спорттық жетістіктері мен заманауи инфрақұрылымыбойынша әлемдік көшбасшылармен бәсекелесе алатын университет қалыптастыру қажет. Бұл мақсат тек Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық спорт және білім беру кеңістігі үшін де маңызды.Болашақта әлемнің әр түкпірінен келген жастар Академияны сапалы білім алатын, озық жаттығуәдістемелерін меңгеретін, ғылыми ізденістермен айналысатын орталық ретінде таңдауы тиіс. Академияның амбициясы – әлемдік білім беру нарығында бәсекеге қабілетті болу, халықаралықстуденттерді тарту және жоғары сапалы білім мен кәсіби даярлықтың беделін қалыптастыру. Бұл өзкезегінде Қазақстанның білім беру экспортының дамуына да ықпал етеді. Дені сау ұлт – қуатты мемлекеттің негізі Қайрат Закирьянов көтеріп отырған бастаманың тағы бір маңызды қыры – спорттың ұлттық идеяныжүзеге асырудағы орны. Спорт – тек жоғары жетістіктер мен халықаралық жарыстардағы медальдар жиынтығы емес. Ол – ұлтденсаулығының, жастар тәрбиесінің, тәртіп пен табандылықтың, патриотизм мен бірліктің маңыздықұралы. Дені сау, тәні шымыр, рухы мықты ұрпақ қалыптастыру – Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының бастышарттарының бірі. Сондықтан бұқаралық спортты дамыту, спорт ғылымын жетілдіру, жаттықтырушылармен дене тәрбиесі мамандарын даярлау мемлекеттік деңгейдегі басым бағыт болуы тиіс. Академия осы міндеттерді жүзеге асыруға өзінің ғылыми және білім беру әлеуеті арқылы үлес қосудыкөздейді. 2050 жылға дейінгі ұлттық мақсат Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов ұсынған тұжырымдаманың түпкімәні – Мемлекет басшысы айқындаған адами капиталды дамыту бағытын нақты істермен толықтыру. Осыған байланысты «ХХІ ғасырдағы Қазақстан халқының ұлттық идеясын» жүзеге асыруға Академияныңқатысу бағдарламасы 2026 жылғы 20 қарашада өткен Ғылыми кеңесте бекітілді. Ал ұлттық идеяны іскеасырудың межелі мерзімі ретінде 2050 жыл белгіленген. Ұлттық идеяның тезистерін әзірлеу мерзімі – 2027жылғы 31 желтоқсан. Бұл бастаманың негізгі өзегі – Қазақстанды экономикалық тұрғыдан қуатты, ғылыми әлеуеті жоғары, денісау, рухани бай және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыру. Қайрат Закирьяновтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға қатысты ұстанымынқолдауы – жай ғана саяси пікір білдіру емес, оны білім беру мен спорт саласындағы нақты стратегиялықміндеттермен ұштастыруға бағытталған қадам. Өйткені елдің болашағы жер қойнауындағы байлықпен ғана емес, сол елдің азаматтарының білімімен,денсаулығымен, қабілетімен және жасампаздық әлеуетімен өлшенеді. Қазақстанның басты капиталы – адам. Ал сол капиталды қалыптастыру – білімнің, ғылымның,спорттың және ұлттық тәрбиенің ортақ міндеті.

Выборы депутатов маслихатов: спортсмены проявляют активность и не остаются равнодушными к будущему страны

Сегодня среди участников выборов депутатов маслихатов немало известных казахстанских...

Ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері мәслихат депутаттарын сайлауда өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде

Бүгін сайлау учаскелерінен танымал тұлғаларды – әртістерді, музыканттар мен...

Информация о явке избирателей на выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан по состоянию на 10:00 часов

Центральная избирательная комиссия  сообщает:согласно данным, представленным территориальными избирательными комиссиями...