Мемлекеттік тіл — мәңгілік елдің мәңгілік тілі!

Тіл мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір — қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін – келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі. Тіл – тәуелсіздіктің айғағы. Осы тіліміздің дамуына үлкен үлес қосқан ұлы тұлғалардың бірі – Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақ дегенде шығарда жаны бөлек ұлы ұстаз ағартушының ұрпағына қалдырған мұрасы орасан зор. Елбасымыз айтқандай «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болады. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн». Бір айта кететін мәселе – тілдер күні әлемнің ешбір мемлекетінде атап өтілмейді. Бұл – еліміз үшін тіл саясатының қаншалықты маңызды екенін айғақтайды», – деген Айдар Карбозұлы өз сөзінде еліміздің латын қарпіне көшу мәселесін де тілге тиек етті. Латын қарпіне көшуде ұлтымыздың ұтары көп екенін, жаңғырудың өзі жазудан басталатынын, бұл мәселеге ел болып қолдау білдіру қажет екенін баса айтты. Еуразия жүрегіндегі Қазақстан – әлемдегі дамыған мемлекеттер қатарына қосылуды мақсат тұтып отырғаны анық. Осы арқылы Қазақстан мәңгілік елге айналуды көздейді. Мәңгілік елдің тұрғындарында – өз еліне деген нық сенім болуы керек. Сондықтан да, келер ұрпаққа Елбасы Н.Назарбаевтың Мәңгілік Ел идеясын насихаттаған абзал. Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаев сынды Ұлы көшбасшысы бар Қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты — экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы осы мақсатқа жеткізетін Ұлы бастама. Ағымдағы жылдың 17 қаңтарындағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқына Арналған Жолдауы осыдан бір жыл бұрын Елбасы өзі жария еткен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын, яғни, Қазақстандық дамудың бағыт –бағдарын айқындап берді. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Страрегияны мүлтіксіз орындау, емиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!,- деп атап өтті Елбасы өз жолдауында. Алдыға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды. Олай болса Елбасы салған сара жолдан таймайық, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!

Шымкент қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының жетекші маманы Зиядин Ермахан Әбжапарұлы

Мемлекеттік тіл – бірлік пен татулық кепілі

Қоғамдағы тұрақтылық пен өзара түсіністіктің негізі – ортақ құндылықтар...

Сыбайлас жемқорлықпен күрес баршамыздың міндетіміз

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық мәселесі әлемнің көптеген елдерінде өзекті...

ҚазҰУ түлектері — ел дамуының сенімді тірегі

Қазіргі қоғамда жоғары білім тек кәсіби дағды қалыптастыру құралы...

Тіл болашақ кепілі

“Болашақ - білімді жастар қолында» деген сөз жастайымыздан біздің...

ҚазҰУ-да тұрақты даму қағидаттарының жүзеге асуы

Қазіргі кезеңде әлемдік қауымдастық алдында тұрған басты міндеттердің бірі...