Мемлекеттік тіл — мәңгілік елдің мәңгілік тілі

Шымкент қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің сот приставы Утепбеков Карпат Муратбекович
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілін құрметтеу, оны білу-республикамыздың әрбір азаматының парызы. «Ана тіліне салғырт қарау — өз халқының өткеніне,бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау» деген пікірді Бауыржан Момышұлы шегелеп айтып кеткен. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын барынша кеңейтіп, қоғамдық қарым-қатынас тілі етуіміз керек.
Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз қазақ елі аз уақыт ішінде бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл — әлем кеңістігіндегі ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Біз өзгенің қателігінен сабақ алуымыз керек.
Ел мен тіл-егіз ұғым. Екеуінің ара жігін бөліп қарастыра алмаймыз. Ел ертеңі ана тілімізбен тығыз байланысты. Мәңгілік елдің өзімен біте қайнасып, ғасырларға қадам басатын тілі болуы керек. Ана тілімізді мәңгілік ету болашаққа деген асыл арманның адастырмас темірқазығындай болуы тиіс. Ана тіліміз қырандай қалықтап, көгімізде самғауы тиіс.
Қазақстан – көп ұлтты, тату-тәтті, біртұтас мемлекет ретінде жұмыр жердің бетінде тамырын тереңге жайған алып өмір ағашына айналды. Ес жиып, қазық қағып, кереге кергелі ана тіліміз де қарыштап дамып келеді.
Тіл-мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін білген, санамен сезінген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды.
Тіл-халықтың жаны мен сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін-ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай қасиетті мұрамыз, ана тіліміз-қазақ тілі. Тіл-тәуелсіздіктің айғағы.
Тіл-халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұтып, басқа ұлттарға насихаттауы керек. Өйткені, халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл-қай ұлтта болмасын қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен дарып, қалыптасады. Тіл-халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін-ана тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза, ең бай тілге жатады. Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Ана тілі-халық болып жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.

Әлихан Бөкейханов және құқықтық мемлекет идеясы: тарихи мұра мен заманауи сабақтастық

Әлихан Бөкейханов – қазақ тарихындағы аса ірі тұлғалардың бірі,...

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі қолданылуын жетілдіру мәселелері туралы

Құрметті әріптестер, құрметті мемлекеттік тіл бойынша жауапты мамандар! Бүгінгі кездесудің...

Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершіліктің өзекті мәселелері

Алаяқтық – қоғамдағы ең кең таралған әрі қауіпті қылмыстардың...

Almaty Half Marathon 

МАССОВЫЙ СПОРТ В АЛМАТЫ СТАНОВИТСЯ ХОРОШЕЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ И КРЕАТИВНОЙ...

Согласно миссии ООН

В АЛМАТИНСКИЙ ВОЕННЫЙ ГАРНИЗОН С РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКОЙ ПРИБЫЛ ЗАМЕСТИТЕЛЬ...