Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру – әрбір азаматтың борышы

Мемлекеттік тіл – елдің тәуелсіздігі мен тұтастығының басты нышандарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, қазақ тілі – мемлекеттік тіл болып табылады. Бұл мәртебе қазақ тілінің қоғамдық өмірдің барлық саласында кеңінен қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру – тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әрбір азамат өз іс-әрекеті арқылы мемлекеттік тілдің дамуына, оның беделінің артуына үлес қосуы тиіс. Қазақ тілін құрметтеу, күнделікті өмірде қолдану және жас ұрпаққа үйрету – ел болашағына қосылған маңызды үлес болып табылады.

Бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында түрлі бағдарламалар мен іс-шаралар жүзеге асырылуда. Дегенмен, тіл саясатының нәтижелі болуы ең алдымен азаматтардың сана-сезіміне, тілге деген құрметіне байланысты.

Қазақ тілін білу – мемлекеттік қызмет атқарудың, қоғамдық өмірге белсенді қатысудың басты шарты. Сондықтан әрбір қазақстандық азамат мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, оны дамытуға атсалысуы қажет.

Қорытындылай келе, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру – еліміздің дамуы мен бірлігінің кепілі. Бұл бағытта барша азаматтың белсенді ұстанымы мен жауапкершілігі айрықша маңызға ие.

Н.А.Бирманова

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман- сот отырысының хатшысы

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ ҰЛЫС КҮНІН ТОЙЛАДЫ

Бүгін Абай университеті Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін...