Мемлекеттік тіл – Мәңгілік Елдің мәңгілік тілі

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениетінің көрінісі. Әр халықтың тарихы мен дәстүрі, дүниетанымы мен құндылықтары ең алдымен оның тілі арқылы сақталады. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деп атап көрсеткендей, тіл – елдіктің тірегі. Сондықтан «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру да мемлекеттік тілдің орны ерекше.

Қазақтілі – халқымыз бен бірге жасасып келе жатқан тарихи құндылық. Халық ауыз әдебиеті, шешендік сөздер, жыраулар мұрасы арқылы ұлттың рухани әлемі ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырды. Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болып, қоғамдық өмірдің барлық саласында кеңінен қолданыла бастады. Бұл – ел егемендігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.

Бүгін де мемлекеттік тіл білім беру, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік басқару жүйесінде кеңінен қолданылып келеді. Әсіресе сот жүйесінде, соның ішінде әкімшілік сот өндірісінде мемлекеттік тілдің қолданылуы заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі болып табылады. Азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды қарайтын әкімшілік соттарда ісжүргізудің мемлекеттік тілде жүзеге асырылуы – азаматтардың құқықтарын толық әрі әділ қорғауға мүмкіндік береді. Бұл тілдің тек мәдени құндылыққа ғана емес, құқықтық құрал екенін де айқындайды.

Жаһандану жағдайында өзге тілдерді меңгеру қажеттілігі артып отыр. Дегенмен, мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту – әр азаматтың жауапкершілігі. Тілді құрметтеу – елге деген құрметтің белгісі. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту арқылы біз ұлттық бірлікті сақтап, құқықтық мемлекет қағидаттарын бекіте түсеміз.

Қорытындылай келе, мемлекеттік тіл – ел тұтастығының негізі. Оның қоғамның барлық саласында, соның ішінде әкімшілік сот жүйесінде толыққанды қолданылуы – әділеттілік пен заңдылықтың кепілі. Тілдің дамуы – мемлекеттің дамуы.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Н.Н.Рахынбаев

Ақмолалық әскери тұтқындардың тағдыры: тарихтың көмескі беттері қайта сөйледі

Екінші дүниежүзілік соғыс туралы сөз қозғағанда, көбіне майдан даласында...

Сот процесіне қатысушылардың мәдениеті

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасында ел азаматтарының құқықтық сауаттылығын арттыру...

Ғылыми таным мен мектеп сабағын ұштастырған жоба

Оқушыны ғылыми ізденіске баулу мектеп бағдарламасындағы тақырыпқа сұрақ қоюдан,...

Жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Жемқорлық – кез келген мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамның әл-ауқатына...

Сотты құрметтемеушілік салдары

Сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігі қағидаты негізінде бүгін барлық...