МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІК ҚҰНДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ НЕГІЗІ

Тіл – ұлттың рухани болмысын айқындайтын, тарихы мен мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін баға жетпес құндылық. Ал мемлекеттік тіл – елдің бірлігін нығайтып, қоғамдық өмірдің әр саласында өзара түсіністік пен сабақтастықты қалыптастыратын маңызды фактор.

Қазақ тілі – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасы, ұлттық болмысымыздың өзегі. Сондықтан оның мәртебесін көтеру және қолданылу аясын кеңейту – баршаға ортақ міндет. Мемлекеттік тілдің шынайы дамуы оның күнделікті өмірде, қызметтік ортада, білім мен ғылымда, мәдениетте және құқық саласында кеңінен қолданылуымен тығыз байланысты.

Бүгінде мемлекеттік тілді дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Дегенмен тілдің қолданыс аясын кеңейту тек ресми іс-шаралармен шектелмеуі тиіс. Оның негізі әр адамның күнделікті қарым-қатынасынан, кәсіби қызметінен және мемлекеттік тілге деген құрметінен басталады.

Мемлекеттік тілдің дамуы мәжбүрлеуден емес, оның қажеттілігі мен беделін арттырудан басталғаны жөн. Қазақ тілін білу адамның кәсіби мүмкіндігін кеңейтіп, қоғамның тыныс-тіршілігіне белсенді араласуына жол ашатын маңызды артықшылыққа айналуы қажет.

Әсіресе құқық саласында мемлекеттік тілдің қолданылуының маңызы ерекше. Құқықтық мәдениет пен тіл мәдениеті өзара тығыз байланысты. Азаматтың заңды түсінуі, өз құқықтары мен міндеттерін білуі құқықтық ақпараттың түсінікті әрі қолжетімді болуына тәуелді. Осы тұрғыдан алғанда, мемлекеттік тілдің құқықтық кеңістікте кеңінен қолданылуы қоғамның құқықтық сауаттылығын арттыруға да ықпал етеді.

Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ұлттық сана мен тарихи жадының негізі. Өз тілін құрметтеген қоғам өзінің мәдениеті мен рухани құндылықтарына да құрметпен қарайды. Сондықтан мемлекеттік тілге деген жауапкершілік әр азаматтың жеке ұстанымынан басталғаны абзал.

Қазақ тілінің болашағы оны қаншалықты жиі қолданатынымызға және кейінгі ұрпаққа қаншалықты сапалы жеткізетінімізге байланысты. Тілді дамыту үшін әр салада нақты іс, тұрақты ізденіс және кәсіби ортадағы қолдау қажет. Мемлекеттік тілдің қоғамдағы беделі оны күнделікті өмірде еркін әрі сапалы қолдану арқылы арта түседі.

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту – бүгінгі күннің ғана емес, келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Қазақ тілін білімнің, ғылымның, құқықтың, мемлекеттік басқарудың және заманауи технологиялардың тілі ретінде дамыту оның қоғамдағы орнын одан әрі нығайта түседі.

Мемлекеттік тіл – елдігіміздің айғағы, тәуелсіздігіміздің рухани тірегі. Қазақ тілін дамыту, оның мәртебесін арттыру және күнделікті қолданысын кеңейту – мемлекетке де, қоғамға да ортақ міндет. Ана тілімізге деген құрмет – елге деген құрметтің бір көрінісі.

Шымкент қаласының мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотының судьясы
А.У. Капарбекова

Почему жертва защищает своего похитителя? Психология Стокгольмского синдрома

СТРАХ, ЗЛОСТЬ, ЖЕЛАНИЕ ВЫРВАТЬСЯ НА СВОБОДУ – ЧУВСТВА ЧЕЛОВЕКА,...

Туризм и точки притяжения 

К Всемирному дню туризма президент Ассоциации индустрии туризма и...

Молодежь против наркорекламы

Антинаркотическая акция «Есірткісіз Қазақстан», направленная на выявление и устранение...

Цифровые доказательства в производстве следственных действий

Трехдневный тренинг на тему «Обращение с цифровыми доказательствами при...

Темп задает реальный сектор 

ПРОМЫШЛЕННОСТЬ НАРАЩИВАЕТ ВЫПУСК, СТРОИТЕЛИ СОХРАНЯЮТ ВЫСОКИЕ ТЕМПЫ, ПО ЖЕЛЕЗНОЙ...