Мемлекеттік тіл – елдігіміздің тірегі

Қазіргі таңда қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Бұл – жай ғана ресми мәртебе емес, ұлттың рухы, тарихы мен болмысы, елдің тәуелсіздігінің тұғыры.

Мемлекеттік тілдің дамуы – тек мемлекеттік деңгейдегі саясат емес, әр азаматтың жүрек түбіндегі жауапкершілігі болуға тиіс. Себебі тіл – ұлттың жаны, тілі жойылған халық – болашағынан айырылады.

Осы бағытта еліміздің сот жүйесінде де мемлекеттік тілдің қолданыс аясын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Ақтөбе қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2025 жылдың 1-жартыжылдығында жүргізілген талдауға сәйкес:

  • Кіріс құжаттарының 76,6%-ы мемлекеттік тілде тіркелген;
  • Шығыс құжаттарының 100%-ы толық мемлекеттік тілде рәсімделуде.

Бұл – мемлекеттік тілді іс жүргізу тіліне айналдыру бағытында жасалып жатқан нақты әрі нәтижелі жұмыстың көрінісі. Сонымен қатар, істердің өзінде де қазақ тілінде қаралатын материалдар саны артып келеді.

Сот тарапынан мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, басқа мемлекеттік органдармен өзара хат алмасу және іс материалдарын жолдау кезінде мемлекеттік тілді басым қолдану қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, арнайы іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Бүгінгі қазақ тілі – тек тарихи-мәдени мұра емес, заманауи құқықтық кеңістіктің де тіліне айналуға тиіс. Ол үшін барлығымыз бірігіп, мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосуымыз қажет. Әрбір азамат қазақ тілін қолдануға ұмтылып, оны күнделікті өмірдің, жұмыс пен қызметтің негізгі құралына айналдыруы керек.

Мемлекеттік тілдің болашағы – өзіміздің қолымызда.Тілімізді қадірлейік, сөйлейік, ұрпаққа үйретейік!

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық

бұзушылықтар жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының сот отырысының хатшысы С.Айжарық

Сот құрылыс нысанында жарақат алғаны үшін ЖШС-дан моральдық зиян өтемақысын өндіріп алды

Целиноград аудандық сотында жоғары қауіптілік көзі болып танылатын «N»...

ӘР АЗАМАТ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ СӨЙЛЕП, АНА ТІЛІНЕ ЖАНАШЫР БОЛСА БОЛҒАНЫ

Елімізде мемлекеттік тіл саясаты Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Қазақстан Республикасындағы...

Заңды білу —заман талабы

Халқымызда «Заңды білген зардап шекпейді» деген  сөз бар. Шындығында ...

Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы

Қазіргі таңда тіл мәселесі – кез келген мемлекеттің ішкі...

БАҚ беттерінде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырудың маңызы

Қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен дамыту –...