Мемлекеттік тіл — ел бірлігінің кепілі

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі елдің тұтастығын, қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайтатын маңызды құндылықтардың бірі болып табылады. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру тек мәдени немесе рухани салада ғана емес, сонымен қатар құқықтық мемлекет қалыптастыруда, сот төрелігін жүзеге асыруда да ерекше маңызға ие.

Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік органдардың, соның ішінде сот жүйесінің қызметі заңдылық, әділдік және азаматтардың құқықтарын қорғау қағидаттарына негізделеді. Осы ретте мемлекеттік тілде іс жүргізуді дамыту сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі болып табылады.

Сот билігі – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған мемлекеттік биліктің маңызды тармағы. Сот процестерінде мемлекеттік тілді кеңінен қолдану азаматтардың сотқа деген сенімін арттырып, құқықтық мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді. Мемлекеттік тілде дайындалатын сот актілері, процессуалдық құжаттар мен сот отырыстарының жүргізілуі азаматтардың заң нормаларын түсінуіне және өз құқықтарын тиімді қорғауына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасында сот ісін жүргізу тіліне қатысты кепілдіктер қарастырылған. Іске қатысушылардың өз ана тілін пайдалануға және аудармашының көмегіне жүгінуге құқығы қамтамасыз етілген. Бұл – азаматтардың құқықтарын сақтау мен теңдікті қамтамасыз етудің маңызды көрінісі. Алайда мемлекеттік тілдің сот саласындағы қолданылу аясын кеңейту – уақыт талабы.

Бүгінгі таңда сот жүйесінде мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлесі артып келеді. Судьялар мен сот қызметкерлерінің мемлекеттік тілді еркін меңгеруі, заң терминологиясын біріздендіру, сот тәжірибесін мемлекеттік тілде қалыптастыру – құқықтық жүйенің сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдар. Мемлекеттік тілдегі сапалы сот актілері мен құқықтық құжаттар заң үстемдігін нығайтуға және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға қызмет етеді.

Мемлекеттік тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – тәуелсіздіктің, ұлттық құндылықтардың және қоғамдық келісімнің негізі. Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің беделін арттыру арқылы құқықтық мемлекет қағидаттары нығайып, азаматтардың сот төрелігіне деген сенімі арта түседі. Сондықтан мемлекеттік тілді дамыту мен оны сот саласында кеңінен қолдану – ел бірлігін сақтаудың, заң үстемдігін қамтамасыз етудің және әділетті қоғам құрудың маңызды кепілі.

Қорыта айтқанда, мемлекеттік тіл – ел бірлігінің кепілі, ал сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің орны – әділ соттың, құқықтық мәдениеттің және азаматтардың құқықтарын тиімді қорғаудың маңызды негізі.

Сондықтан, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру – әрбір мемлекеттік қызметшінің, судьяның және қоғам мүшесінің ортақ міндеті әрі ел болашағына қосқан үлесі болып табылады.

Нәбияқызы Зульфия, Ақтөбе қаласының мамандандырылған тергеу сотының Сот әкімшісінің басшысы

Гендерлік теңдік және әйелдер құқықтары: оның ішінде Қазақстанның сот жүйесіндегі құқықтық кепілдіктер

Гендерлік теңдік пен әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету – демократиялық,...

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Конституция – мемлекеттің басты заңы, елдің саяси, құқықтық және...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Осакаров ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында...

НАГРАЖДЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ КОНКУРСА ЭССЕ СРЕДИ ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ

В преддверии Дня государственных служащих в Осакаровском районе в...