12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Мемлекеттік тіл – бірлік пен татулық кепілі»

Тіл – халықтың жан-дүниесі, рухани негізі мен ел еркіндігін, ұлттың ұлылығын танытатын басты күш. Ұлт болмысын ұғындырып, жалпы жұртты төңірегіне топтастырушы, біріктіруші ретінде де саналады.

Сондықтан мемлекеттік тілді білу – өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі деген жөн. Тілді өмірдің  барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өзінің азаматтық міндетін атқарғанда ғана ол нәтижелі болатынына күн сайын көз жеткізіліп келеді.

Тілдің негізгі қызметі — халықты біріктіру. Демек, мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару орындарында негізгі тіл ретінде қолданылуын қалыптастырған жөн.

Мемлекеттік тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл — халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін — ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз — мемлекеттік тіл.

 Қазақстан — көпұлтты мемлекет. Кең-байтақ өлкемізді мекендейтін түрлі ұлттар мен ұлыстар Қазақстанды өз Отандары санайды. Тіл — тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен татулықтың кепілі. Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл — жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ.

Мемлекеттік тілдің аясын кеңейту де зор мақсат. Мемлекеттік тілді сот
жүйесінде қолдануға әрбір қызметкердің азаматтық, моральдық жауапкершілігі, яғни осы саладағы әрбір қызметкер өз деңгейінде үлес қосуы қажет.

Сот істерін мемлекеттік тілде жүргізу – ата Заңымыз Конституция болып табылады. Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын барынша кеңейтіп, іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу мәселесі басты бақылауға қойылған.

Сондықтан да, Тәуелсіздігіміздің көк байрағы желбіреп тұрғанда, тәуелсіз еліміздің тілін, дінін аман сақтап қалу, кейінгі ұрпаққа бар маңызымен жеткізе білу — әрбір азаматтың парызы мен міндеті.

Мұғалжар аудандық сот әкімшісінің

бас маманы-сот мәжілісінің

хатшысы З.М.Юнусова

СОТТАР ЖҰМЫСЫ АШЫҚ, ЖАРИЯЛЫ, ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫ ТИІС

Әділдік туын биікте ұстаған қазақтың билері Төлеби, Қазыбек би...

Экстремизм мен терроризмге қарсы жиын өтті

Экстремизм мен терроризм бүгінгі таңда ең өзекті мәселе болып...

Өңірлік кадрлық резерв маған кәсіби-мансаптық мүмкіндік берді

Мен, Үскенбаева Айдана Мүталіпқызы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ -дың «Маркетинг»...

Жұмысшы мамандықтарының жаңа дәуірі және жұмыс берушілермен өзара ынтымақтастық

Атырау облыстық білім басқармасына қарасты № 79 мекемесі жанындағы...

Қызылордада тергеу изоляторының қызметкерлері қайырымдылық жасады

Қайырымдылық – адамгершіліктің ең ізгі көріністерінің бірі. Қызылорда облысы...